Құттықтау
Құрметті, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері!
Қымбатты, полиция органының ардагерлері!
Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге тән қажырлылық, табандылық, жауапкершілік, рухынан таймаушылық, антына беріктік алдарыңызда тұрған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік жүктейді. Жауапкершілігі мен міндеті жоғары қызметтеріңізді абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әрбір полиция қызметкерінің қажырлы еңбегін халық әрқашан бағалайды.
Тәртіп сақшыларына артылған сенім жүгін үлкен жауапкершілікпен орындап, халыққа қалтқысыз қызмет атқарып келесіздер.Әсіресе елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеулер орын алған сәттерде полиция қызметкерлерінің еңбегі зор болды. Тәулік бойы халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тынбай еңбек атқарып, ел алғысына бөлендіңіздер!Баршаңызға кәсіби шыңдалу, баянды бақыт, береке-бірлік тілейміз! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!
Құрметті, сала қызметкерлері!
Ішкі істер органдары – еліміздің ең ірі, көп құрылымды, қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетін, тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым.Сала ардагерлеріне, қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым халықтың алғысы зор. Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді, әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы жанкешті еңбектеріңізге табыс тілеймін! Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз берекеге толсын! Тәртіп пен заңдылықты сақтау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Игі тілекпен, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов
Құрметті, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті, жерлестер мен аудан тұрғындары, майдангерлер ұрпақтары! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мемлекеттік мерекелер- батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күндер. Бұл күнi бiз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетемiз. 7 мамыр — егемен елiмiздiң қарулы күштерiнiң мерейiн асқақтататын, Отан үшiн отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннiң мемлекетiмiздiң болашағы үшiн маңыздылығы жоғары, себебi әрбiр қазақстандықтың ұлы да, құрметтi мiндетi Отанды қорғау екені белгілі. Отандастарымыз үшін бұл мереке- батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Ал бұл қасиет бізге даңқты бабаларымыздан бойға сіңген.Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі.Әлемде ІІ дүниежүзілік соғысы атауымен тарихта қалған қан құйлы қырғын 70-тен аса мемлекетке жүк салып, адамзат тарихында ең зардабы мол соғыс болды. Бұл соғыстағы Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз де қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды. Ауданымыздан алты мыңнан астам адам майданға аттанып,, тең жартысы ұрыс даласында жан қиса, тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды. Бүгінгі ұрпақ осынау Жеңіс күні адалдық пен еліне деген ерліктің үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз! Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтала беретін болады. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен мемлекетіміздің гүлденуі де – осынау Ұлы Жеңістің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзеді. Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісін ұлықтаған даңқты мереке-батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл даңқты жоғары абыроймен жалғастырып келеді. Қадірлі, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, қаһармандығы мен ерлігін әлемге танытты. Сондықтан Жеңіс күні –аға ұрпақтың ерлігі мәңгілікке ел жадында сақталатын ең қастерлі мереке. Бұл ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жеңісі. Өз тарихында қайғы-қасіреті мен зардабы жағынан бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс болды. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адамдар құрбан болып, біз бұл Жеңісті жас боздақтар мен әкелер мен аталардың өмірімен өтедік. Ел басына күн туып, өмір мен өлім арпалысқан шақта қан майданда қазақ жауынгерлерімен бірге біздің ауданнан үш жарым мыңнан аса жауынгер шейіт болды. Біз олардың өлмес рухына әрқашан да бас иеміз, мәңгілік есте сақтаймыз! Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Бейбіт өмір үшін, жас ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде. Сондықтан қан майданнан оралмаған жерлестірімізді ұлықтаудан жалықпаймыз!. Ал осы күнге жеткен ортамызда жүрген қазыналы қарияларымыз әрқашан мемлекеттің қамқорлығында. Осынау айтулы мерекеде барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, жалпы аудан жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пнн жақсылық, шаңырақтарына шаттық, бақ пен береке тілейміз! Туған еліміздің іргесі бүтін, тәуелсіздіктің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын! |
Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Жаманбаев |
Құрметті, аудан жұртшылығы, қымбатты жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр мерекесі- бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша отандастарымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Бұл – бәріміз үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық бірліктің мерекесі.
Құрметті, көпшілік! Ардақты, ағайын!
Бірлігі бекем ұлтттың алар асуы, шығар шыңы биік болатыны сөзсіз. Ендеше уыздай ұйыған ортақ Отанымызда атқан әрбір бейбіт күннің қадіріне жетіп, бақытты да баянды ғұмыр кешейік!
Ел басына сын сағаттар туып, адам денсаулығына алаңдайтын қазіргі төтенше жағдай кезінде бірлік пен ынтымақтың, татулық пен тұтастықтың маңызы ерекше. Біз біріксек қана, бір мақсатқа жұмылсақ қана, адамзат баласына қауіп төндірген бұл сыннан да сүрінбей өтеміз.
Баршаңызды ынтымақ пен бірлік мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр отбасына амандық, денсаулық, ынтымақ, бірлік пен құт-береке, рухани байлық пен даналық тілейміз! Тыныштығы сақталып, ынтымағы жарасқан еліміздің еңсесі биік, мерейі үстем болсын!
Халықтар достастығы мен ынтымақтастығын көздеген мамыр мерекесі, халықтың тамаша дәстүріне, қазақстандық толеранттылықтың бейнесіне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған мерейлі мереке құтты болсын!
Қадірменді, жерлестер! Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз – тыныштық пен татулық болсын! Баршаңызға зор табыс тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!
Игі тілекпен,
Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов
Құрметті, аудан тұрғындары мен қонақтары!
Қымбатты, жерлестер!
Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – мейірімділік, қайырымдылық мерекесі. Өйткені атамыз қазақ білек біріктіріп, бір-біріне дем беру арқылы басынан өткен қиыншылықтарды жеңіп отырған. Күллі тіршілік атаулыға нәр беретін шуақты шақ – көктемде келетін осы айтулы мейрамның талай ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған еліміз үшін алатын орны ерекше.
Ырыс-берекенің бастауы болған бұл мерекені аудан жұртшылығы да лайықты табыстармен қарсы алып, алдағы жылға зор үміт пен сенімдерін артып отыр. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен молшылық тілеймін. Әз-Наурыз құтты болсын!
Қадірлі, ағайын! Құрметті бауырлар!
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз – мұсылман қауымының төл мерекесі. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Күн шыққанда қуанып оянған Қазақ елінің жұлдызы биік болсын!
Атадан қалған ұлттық аманат –тәуелсіз елімізді көркейтуге үлес қосу –ортақ міндет.Атадан қалған асыл сөз – Бірлігі жарасқан елдің жұлдызы биік болады, деген қасиетті ұғымнан тарап жатады.Бұл мереке –біздің ұлттық рухымызды көтеріп, салт – дәстүрімізді жаңғыртады.Халқымыздың достығын нығайтады.Ендеше көктемнің, еңбектің және жаңарудың, достық пен татулықтың мерейлі мерекесі құтты болсын!
Құрметті, ағайын!
Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!
Қыдыр баба әрбір отбасына құт-береке, молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Игі тілекпен, Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов
Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!
Игі тілекпен, Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов
Құрметті, аудан тұрғындары!
Құрметті, жерлестер, ардақты ағайын!
Құрметті,жерлестер, аудан тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев–барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған тың идеялар мен жаңа істердің бастаушысы. Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті әлемге танытқан-дара тұлға. Елбасының толассыз еңбегі мен сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар тәуелсіздік жылдары жүзеге асты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту – үлкен қуаныш, зор мәртебе. Мереке құтты болсын, ағайын! Құрметті, жерлестер! Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып танылғанын мақтан етеміз! Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағыт – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Н.Ә.Назарбаевты әлем әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Мемлекет тарихының мерейлі мерекесі – Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін қызмет жасап жүрген баршаңызға мерекелік көңіл – күй, жанұялық бақыт, игілік пен табыс, зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін!
Игі тілекпен, аудан әкімі Е.Садырқұлов
Құрметті,аудан тұрғындары! Қымбатты, жерлестер!
Құрметті,жастар!
Бүгін 12 тамыз- жастардың xалықаралық күні. Бұл күн Жастар істері жөніндегі Бүкіләлемдік конференциясының /Лиссабон,1998ж 8-12 тамыз/ ұсынысымен мақұлданып, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1999 жылдан аталып өтуде. Жастар-қоғамның қозғаушы күші, болашақтың иелері. Жастарға артылар сенім де үміт те зор.Жастар-ақыл мен парасаттың, білім мен интеллектінің иелері, қай уақытта болмасын алдыңғы шепте жүреді. Жалынды жастарды xалықаралық мереке күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ел Үкіметінің жастарға жүктеген мақсат-мүдделерін жүзеге асыруда жастар туған жеріне, өзі туып-өскен еліне ерен еңбек атқаратынына сенімім мол.Барлық салада қызмет жасап жатқан жастардың ауданның әлеуетін арттырудағы қызметтеріне сәттілік тілеймін! Аудан халқының 22 пайызын құрайтын жастар-үлкен күш. Тәуелсіз еліміздің, қасиетті Құлан өңірінің гүлденіп, қарыштап дамуына зор күш салыңыздар! Барлық істерде аудан әкімдігі жастарды-оқушылар мен студенттерді, жас мамандарды қолдауға дайын. Жастар жылындағы игі істеріңізге табыс пен сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен баянды бақыт тілеймін!
Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов
Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Е.С.Садырқұловтың Құрылысшылар күнімен құттықтауы
Құрметті, әлеуметтік сала қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Жұртшылықпен етене байланыста атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс пен жетістіктер тілеймін!
Игі тілекпен, аудан әкімі Е.С.Садырқұлов
Құрметті, «JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!
Сіздерді «JAMBYL» телеарнасының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Баспасөз қоғам айнасы десек, оның ішінде телеарнаның алар орны аса маңызды. Жұртшылықты аймақтың бас арнасы ретінде күнделікті жаңалықтармен, өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырудағы еңбектеріңіз зор! Аймақтық басты арнасы өзінің қоғамдағы орны мен құндылығын жоғалтпай, халықтың ыстық ықыласына бөленген. Облысымызда болып жатқан саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық, басқа да түрлі оқиғаларды халыққа дер кезінде сапалы жеткізіп отыратын Сіздердің ерен еңбектеріңізге алғысымыз шексіз.
Қымбатты,«JAMBYL» телеарнасының ұжымы!
Ұжымның әр қызметкерін 30 жылдық мерейтойларыңызбен тағы да құттықтай отырып, қоғаммен біте қайнасып, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық пен амандық, отбасылық бақыт тілеймін.
Еңбектеріңіз жемісті, әр күндеріңіз жеңісті болсын!
Құрметпен,
Е.С.Садырқұлов-Т.Рысқұлов ауданы әкімі
Құрметті,жерлестер, аудан тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев–барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған тың идеялар мен жаңа істердің бастаушысы. Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті әлемге танытқан-дара тұлға. Елбасының толассыз еңбегі мен сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар тәуелсіздік жылдары жүзеге асты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту – үлкен қуаныш, зор мәртебе. Мереке құтты болсын, ағайын! Құрметті, жерлестер! Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып танылғанын мақтан етеміз! Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағыт – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Н.Ә.Назарбаевты әлем әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Мемлекет тарихының мерейлі мерекесі – Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін қызмет жасап жүрген баршаңызға мерекелік көңіл – күй, жанұялық бақыт, игілік пен табыс, зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін!
Құрметті, жерлестер, ардақты ағайын!

Сіздерді төрімізге енген Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар, мол жетістіктер жалғасын тапсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, еңбектеріңіз жана берсін! Абырой мен бақ-береке, қуаныш пен жақсылық келе берсін!
Әр отбасына баянды бақыт пен бақ-дәулет, береке мен бірлік, зор денсаулық тілеймін! Жаңа жылдың сүйіншісі мен жағымды жаңалығы көп болсын! Жаңа жыл мерекелі, берекелі жыл болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік болып, абыройларыңыз арта берсін!!
Игі тілекпен, аудан әкімі Е.Садырқұлов

Қандай да болмасын ұлттың, мемлекеттің ұзына бойы тарихында орын алған айрықша оқиғалар ешқашан ұмыт қалмайды.
Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді.
Міне, биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен оралғанына – 31 жыл толып отыр.
Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғаныстан мәңгілік жан жарасына айналды.
Соғыс салған жан жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Майдан шебіне Кеңес одағынан 620 мың адам азаматтық борышын өтеуге аттанса, олардың 22 мыңы қазақстандық жауынгерлер болатын.
Біздің ауданымыздан да соғысқа 120 жауынгер қатысты.
Сол кезде небәрі 18-19 жастағы жігіттер, халқымыздың батырлығын, ержүректігін бойына сіңіріп өскен қазақ жауынгерлері, жан алысып, жан беріскен, кескілескен ұрыстарға қатысып, майдан даласында ерлік көрсетті.
Олар Отан алдындағы антын абыроймен адал атқарды. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын мәңгі естерінде сақтайды.
Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар – қай уақытта да үлгі – өнеге, тәрбие мектебі.
Олардың ерліктерін насихаттау арқылы мемлекетшілдік, отансүйгіштік, қасиеттерді жастардың бойына сіңіреміз.
Бұл күн Ауған соғысы ардагерлеріне қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп, әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек.
Ауған соғысының ардагерлеріне денсаулық, ұзақ өмір, отбастарыңызға амандық, бақ-береке, тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.