home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 23.10.2018 жыл

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

            Е-G-3 санаты үшін: білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

           

            Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге дейін
1 Е-G-3 69 957 94 109

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 221, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

 

  1. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты Е-G-3, 1 бірлік (№ 05-06-02)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен  шешімдерінің  өздеріне  бекітілген  аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындау. Іс қағаздарын жүргізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын  жүргізу. Ауыл әкімдерінің кіріс,шығыс құжаттарын  уақытылы сапалы  орындауын үлестіреді, анықтама береді. Мемлекеттік қызметтік стандартына  сәйкес жұмыстар жүргізеді. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген  тапсырмаларын  орындауын  үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық  ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе өнер саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ветеринария саласындағы.

Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы(жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар  саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе өнер саласындағы (жалпы)немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланғаннан келесі жұмыс күнінен  бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта