home
home home

Т.Рысқұлов ауданында 35 сайлау учаскесінде бір мезгілде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданында 35 сайлау учаскесінде бір мезгілде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Ауданда 1 жабық сайлау учаскесі бар; /Қайыңды ауылы, №2035 әскери бөлім/; Сайлау күніне ауданның барлық сайлау учаскелері зор дайындықпен, ұйымшылдықпен жұмыс атқарды. Аудан тұрғындары таңнан саяси науқанға өз белсенділіктерін танытып, азаматтық парызын орындауға бір кісідей атсалысуда. Ауданда алғаш рет сайлаушы атанып отырған 238 жас, жасы ұлғайған 112 қарт сайлаушы бар. 906 түрлі топтағы мүгедектер бар, оларға Заң талаптарына сай сайлау учаскелерінде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сайлау учаскелерін салтанатты жағдайда ашқан аудан жұртшылығын ауылдық ардагерлер кеңесі төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, қарт сайлаушылар құттықтады, жас сайлаушылар мен бірінші дауыс берген сайлаушыларға символикалық сыйлықтар тапсырылды.
Аудан әкімі Е.С.Садырқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Е.Жаманбаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Қ.Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы П.Ә.Сүлейменов Құлан ауылындағы №342 сайлау учаскесінде дауыс беріп, халықпен жүздесті. Елімізде аса маңызды әлем назары ауған саяси науқанға сәттілік болсын! Халық таңдауы-ұлт болашағы!


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта