home
home home

Т.Рысқұлов ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында жерлесіміз, Луговой желілік ішкі істер бөлімі лейтенаты, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Жеңіс Үмбетбайұлы Жанадиловты еске алуға арналған Бокстан 2007-2008 ж.т. және 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир өтті

Т.Рысқұлов ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында жерлесіміз, Луговой желілік ішкі істер бөлімі лейтенаты, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Жеңіс Үмбетбайұлы Жанадиловты еске алуға арналған Бокстан 2007-2008 ж.т. және 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирге Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Қырғызстан Республикасынан барлығы 13 командада 189 жас спортшы қатысуда. Республикалық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімәліұлы мен Луговой желілік полиция бөлімі басшысы, полиция майоры Отульшин Фархат Мәжитұлы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы құттықтаса, Жеңіс Жанадиловтың ата-анасы, еңбек ардагерлері Үмбетбай, Бейсекүл Жанадиловтар осы шараны ұйымдастыруда демеуші болған Луговой желілік полиция бөлімі ұжымы мен аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөліміне, аудан әкімдігіне алғыс білдірді. Желілік полиция бөлімі зейнеткерлер төрағасы Иманберді Қойшыбай Зуайдаұлы мен осы саланың ардагері Шабаш Юрий Петрович Жеңіс Үмбетбайұлы туралы естеліктер айтты. Республикалық турнир қатысушыларына сәттілік пен толағай табыстар, жеңістер тілейміз!


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта