home
home home

Т.Рысқұлов ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия кеңесінің ХАТТАМАСЫ

Т.Рысқұлов ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

                   Құлан ауылы                                                                               03.11.2017 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                      №4

 

Төрағалық еткен А.Қрықбаев – аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы

 

Күн тәртібі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың 9 айында  ауданда орындалуы туралы

(А.Қрықбаев, М.Иманбаев, О.Танкеев, Н.Жамалбеков)

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы М.Иманбаевтың, хабарламалары назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

– қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындауда орын алған кемшіліктерді қызметкерлер назарларына жеткізіліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдап, тұрақты талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізу;

– мемлекеттік қызметшілер арасында, сондай-ақ, білім саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде білікті мамандарды (дәріскерлерді) тарта отырып аппараттық оқулар ұйымдастыру;

– профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқаруды;

– атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы, профилактикалық шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауды;

– мемлекеттік органдардағы  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін алдын ала анықтау мақсатында жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізіп, ішкі бақылау жұмысын жандандыруды;

– комиссияның хаттамалық шешімдерді мүлтіксіз орындауды және орындалуы туралы ақпаратты бір ай мерзімде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне жолдауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

– сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдап, осы саладағы жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ;

-сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оларды тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға  бағытталған ұсыныстар жолдау;

– сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асыруды ;

– орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізу ұсынылсын.

  1. Аудандық ішкі істер бөлімі, Жергілікті полиция қызметі (келісімдері бойынша)

– қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесін қатаң бақылауға алсын;

–  жеке құрам ішінде құқықтық тәртіпті нығайтып, оқыту сабақтарын өту қамтамассыз етілсін;

  1. Аудандық білім бөліміне.

– білім беру мекемелері басшыларының арасында сыбайлас жемқорлық көрінісі бар қылмыстық құқық бұзушылықтар жиі орын алуына байланысты қолданыстағы заңнамалар аясында мектеп директорларын аттестациялаудан өткізу;

– мектептің кітапқаналық қорларында педагогтармен оқушыларға «мектеп оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім»  атты оқу-әдістемелік құралдарын жинақтау тапсырылсын.

– атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты жыл соңына дейін  аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне жолдауды қамтамассыз етсін.

  1. Комиссияның 2018 жылдың 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              А.Қрықбаев         

 

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                            08.09.2017 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №3

 

Төрағалық еткен А.Қрықбаев – аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары және қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Күн тәртібі

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың 8 айында ауданда орындалуы туралы

_____________________________________________________

А.Қрықбаев, Қ.Есалиев, Т.Расилов, Е.Еспенов, А.Мамырбаев

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Т.Рысқұлов аудан прокурорының орынбасары Қ.Есалиев, аудандық Әділет басқармасының басшысы Т.Расиловтың хабарламалары назарға алынсын.
  2. аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Е.Еспенов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Тохабаев, Құлан ауылдық округінің әкімі А.Мамырбаевтың сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жұмыстары жеткіліксіз деп атап көрсетіліп, талапқа сай жұмыстар жүргізіп атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратын хабардар етсін.
  3. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

1) әр мекеме басшысы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №312 қаулысымен қабылданған Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуы бойынша тікелей өз бақылауына алып, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына мерзімінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

3) ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы тарауларда ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып, тиісті мәліметтермен толықтыру;

5) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі  жұмысты жандандыру;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

9) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайғанына назар бөліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдап, үнемді талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

10) атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

11) барлық мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының қағидаларын қатаң сақтап басшылыққа алып тиісті жұмыстар жүргізу, аударылатын қаржыларды тікелей қадағалап мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзбау қатаң тапсырылсын;

12) комиссияның хаттамалық шешімдерді мүлтіксіз орындауды және орындалуы туралы ақпаратты бір ай мерзімде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесіне жолдауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

– сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

– орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуін;

– әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі тұлғаны тиісті жауапқа тартуды;

сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдап, осы саладағы жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  1. аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Атабаев, Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес (келісімдері бойынша) бірлесе ауыл окугтар мен бөлімдерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оларды тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған іс шараларды нақтылау үшін кездесулер өткізу, қызметкерлер тарапынан әдеп нормаларын бұзушылықтарды облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қарауды ұйымдастыру ұсынылады.
  2. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              А.Қрықбаев         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                            19.05.2017 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №2

 

Төрағалық еткен Ж.Айтақов – аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары және қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Күн тәртібі

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың 1 тоқсанында ауданда орындалуы туралы

_____________________________________________________

Ж.Айтақов, А.Серікбаев, Қалаубеков, Л.Утеулиева

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы А.Серікбаевтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

1) мемлекеттік қызметшілер арасында, сондай-ақ, білім саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде білікті мамандарды (дәріскерлерді) тарта отырып аппараттық оқулар ұйымдастыру;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

3) ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы тарауларда ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып, тиісті мәліметтермен толықтыру;

4) әр мекеме басшысы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №312 қаулысымен қабылданған Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуы бойынша тікелей өз бақылауына алып, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына мерзімінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

5) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі  жұмысты жандандыру;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

9) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайғанына назар бөліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдап, үнемді талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

10) атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

11) комиссияның хаттамалық шешімдерін мүлтіксіз орындауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

– сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

– орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуін;

– әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі тұлғаны тиісті жауапқа тартуды;

сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдап, осы саладағы жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Ж.Айтақов         

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта