home
home home

Т.Рысқұловауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттікәкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды 05.11.2020 жыл

Жарияланғанхабарландырумазмұнына 

    персоналдыбасқаруқызметіжауапты

 

Т.Рысқұловауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттікәкімшілік

лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарынесептегенде

тенгеденбастап тенгегедейін
1 Е-4 100695 136443
2 E-R-4 95209 128834

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

(080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-Жолы көшесі №75 үй, каб.№221, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_kadr@mail.ru

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлікесеп және қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы; санаты Е-4, 1 бірлік (№01-3-5)

            Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Аппарат қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу, статистикалық, бухгалтерлік, салықтық есептерін жүргізу, қаржылық әрекеттер жасап, қаржы жоспарлары жұмыстарын үйлестіреді. Материалдардық-техникалық жабдықтарға және шаруашылық жұмыстарына жауапты.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы; санаты Е-R-4, 1 бірлік, (№03-3-2)

            Қызметтік міндеттері:

Қаржылай есеп беру және бухгалтерлік есеп беру жүйесіне басшылық жасау. Бухгалтерлік есеп және қаржы жүйесін жүргізудегі дұрыс, ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, қаржы тауарлы материалдық құндылықты және негізгі қордың  есебін ережеге байланысты жүргізілуін қадағалау,  бухалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік архивті дұрыс сақтау және құжаттарды ереже аясында сақтауды қамтамасыз ету. Бөлім бастығы қызметін үйлестіріп іске асырады, қаржылық іс-қағаздарын жинақтап бақылауға алады. Келіп түскен қатынас қағаздарын тіркеуден өткізіп, басшылар бұрыштамасынан соң тиісті бөлімдер мен мамандарға жолдайды. Қатынас қағаздарын дер кезінде орындалуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі-әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы-экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе әлемдік экономика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы; санаты Е-R-4, 1 бірлік, (№03-3-4)

            Қызметтік міндеттері:

ҚР Президентінің Жарлықтарын және ҚР Үкіметінің, облыс әкімі мен аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Аймақтағы мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен пайдалану жұмыстарын үйлестіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу, оқыту семинарларын, рейдтер ұйымдастыру, әдістемелік материалдар әзірлеу, мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету, Мемлекет басшысының жыл сайынға Жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен мемлекттік мерекелерді насихаттау мен түсіндірудегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарын ілуді үйлестіру, сыртқы көрнекіліктің идеологиялық мазмұнын жаңарту жұмыстарын жүргізу. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістерге, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу, бұқаралық ақпарат құралдарына және аудан әкімінің ресми интернет ресурсына шұғыл ақпараттарды, жаңалықтарды күнделікті орналастыру үшін материалдар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – қоғаммен байланыс немесе журналистика немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобалық басқару немесе мәдениеттану немесе батыстану немесе теология немесе тарих немесе білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі, №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің    2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің    2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта