home
home home

Т.Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

 

 

№ п/п Іс-шара атауы Орындауға жауапты Орындалуы туралы
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 793 Жарлығының ережелерін жүзеге асыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау, соның ішінде:

– қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын жасаған мекеме басшыларының жауапкершілігін арттыру;

– қарамағындағы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісіне байланысты соттың айыптау үкімі шығарылған мекеме басшысының атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселені қарастыру.

Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл жұмыстар Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

Атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы тұрақты түрде жариаланып тұрады.

Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіліп,  аудандық маслихаттың 2014 жылғы 05 қыркүйектегі №24-5 шешімімен дербес құрамы бекітілген. Комиссияның құрамы уақытылы жаңартылған Жоспарға сәйкес тоқсанына бір рет комиссия отырысы өткізіліп тұрады. 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  3 кезекті отырысы өткізіліп, 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша,Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі, Луговой  ауылдық округі әкімі, Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық Әділет басқармасы, ауылшаруашылығы, ветеринария бөлімдері басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Тауар жеткізу, жұмыс және қызмет көрсетудің уақыт аралығын белгілеудегі мақсаттылықтың негізгі критерийлерін нақтылай отырып, бюджетті жоспарлаудың қолданыстағы тәртібін қайта қарау Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері

Келісім – шарт жасалғаннан кейін тауарлар 15 күнде жеткізілуі тиіс. Қызметтерге – ішкі жоспарға сәйкес іс-шаралар орындалуы тиіс. Осыған байланысты бюджетті жоспарлаудың қолданыстағы тәртібі қайта қаралады.
Мемлекеттік сатып алу саласында өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкестігін анықтау кезіндегі конкурстық комиссия төрағалары мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдау туралы ұсыныс жасау Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері, облыстық қаржылық бақылау инспекциясы, бюджеттік бағдарлама әкімшілері

Аудан әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу саласында өнім берушінің біліктілік талаптары, сәйкестігі мұқият зерделенуде, комиссия төрағалары мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру бойынша ұсыныстар түспеген.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісімшарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шаралар туралы тоқсан сайын есеп беруді қамтамасыз ету Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері,

облыстық қаржылық бақылау инспекциясы (келісім бойынша)

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайларда, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг тұрақты жүргізіліп тұрады.

 

Аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және олар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде дербес жауаптылық жүктеу Облыс әкімдігінің басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері.

Аудан әкімдігінің аппараттары және оларға қарасты бөлімдер мен ауыл округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2018  және 2015-2017 жылдарға арналған іс-шара жоспарларының орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары тоқсан сайынғы аудандық комиссия отырысында талқыланып отырады.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады. Құқықтық мәдениеттi және құқықтық ақпараттандыруды арттыру, заңдылықты, құқықтық тәртiптi нығайту мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңын түсіндіру бойынша құқық қорғау органдарының қатысуымен 3 дәріс оқылды. Аудандық прокуратура тарапынан «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің жолдары» атты  1 кездесу өтті

Азаматтық қоғам («Парыз», «Құлан нұры» қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары) өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті», «Жемқорлық жетер түбімізге» тақырыбындағы жастармен 18 кездесу, сондай-ақ «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбында 14 дөңгелек үстел отырысы өтткізілді.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 16 мақалала жарияланды. Аудан орталығының Жібек Жолы көшесінің бойында 3, Луговой ауылы орталығында 1, Абай ауылы Сатпаев көшесінің бойында 1, Ақбұлақ ауылында 1, «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

 

 

Облыстың инновациялық дамуы және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі аймақтық комиссия жұмысының жариялылығын арттыру, оның жұмыс кестесін, қаралуы жоспарланған жобалар мен оның нәтижелерін БАҚ-та жариялау Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Тараз қаласы және аудан әкімдері.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі  аудандық инновациялық дамуы және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі аймақтық комиссия жұмысының жариялылығын арттыру, оның жұмыс кестесін, қаралуы жоспарланған жобалар мен оның нәтижелерін БАҚ-та жариялау аудан аумағында  шағын және орта  кәсіпкерліктің   жұмысын үйлестіруді  аудан  әкімдігінің  кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп  бөлімі  іске  асырса,  кәсіпкерлікті  дамыту  жұмыстарында  кеңес  беру,  бизнес  жоспарларын  дайындауға  және оқытуға «Жамбыл обылыстық «Атамекен»   кәсіпкерлер  палатасының  Т.Рысқұлов  ауданы  филиалы» нақты  қолдау  көрсетуде.

«Жамбыл обылыстық «Атамекен»   кәсіпкерлер  палатасының  Т.Рысқұлов  ауданы  филиалының кестесі  арқылы  айына  бір рет  семинар   кеңестер  тұрақты өткізіліп тұрады.

Семинарларда  кәсіпкерлік  сала  туралы  жан-жақты  мәліметтер беріліп,  тыңдаушыларға  сертификаттар  тапсырылады.

Аудан әкімдігінің  кәсіпкерлік және кәсіпкерлік  бөлімімен «Жамбыл обылыстық «Атамекен»   кәсіпкерлер  палатасының  Т.Рысқұлов  ауданы  филиалы» біріге  отырып  сұраныс  жасаған  кәсіпкерлерге 32  бизнес  жоспар  дайындап    беріп,   42  кәсіпкерді  облыс  аумағында  кәсіпкерлік  салаға  қызмет  жасайтын  түрлі  мекемелермен 2-ші  денгейлі  банктерге,  «Даму», «ҚазАгро», «Ауылшаруашылығы қолдау  қоры» т.т.б мекемелерге  алып  барып, кеңес  беру  жұмыстарын  ұйымдарстырды.

Мемлекетіміздегі   кәсіпкерлікті  қолдауға  арналған  «Бизнестің  жол  картасы – 2020», «Сыбаға», «Жұмыспен қамту -2020» басқа да  арнайы  бағдарламаларды   халыққа  кеңінен  насихаттау  жұмыстары  аясында     бойында  облыстық  БАҚ –мен    аудандық  «Құлан таңы» газетінде  арнайы  мақала мен хабарландырулар  жарық  көруде.

 

Кеден маңы саласында құқық бұзушылықтың алдын алу, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың құқық қорғау органдарымен тиісті деңгейде өзара әрекеттестігін ұйымдастыру жолымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жұмыс жүргізуді ұсыну Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті,

облыстық ішкі істер департаменті

Облыс прокуратурасына тоқсан сайын ақпарат беру
Жергілікті атқарушы органдар жұмысын жергілікті халықтың кеден маңы қылмыстарына тартылу белсенділігінің себебін анықтауға, сол сияқты тиісті ұсыныстар енгізе отырып, облыстың шекара маңындағы аудандардың тұрғындарының жұмыспен қамтылуына сараптама жасауға бағыттау Шекара маңындағы аудан әкімдері Уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу

Тұрақты, тоқсанына 1 реттен кем емес

9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің кең көлемде халыққа қолжетімділігі мен оны жеңілдету тәсілдері бойынша сапасына талдау жұмыстарын жүргізу Облыс әкімдігінің басқармалары,

(мемлекеттік қызмет көрсететін басқармалар) мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті (келісім бойынша) Халыққа қызмет көрсету орталығы (келісім бойынша)

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыратын органдарға тоқсан сайын ақпарат беру

Тоқсан сайын

10. Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарын бұзудың алдын алу мен заң бұзушылықты анықтауға бағытталған шараларды жүргізуді қамтамасыз ету Облыс әкімдігінің жер қатынастары және жер инспекциясы басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері Жер телімдері Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 43, 44 баптарына сай аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссия отырысында қаралып, оң қорытынды алған жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Конкурстық, аукциондық негізінде жер телімдері берілген кезде ашық түрде алдын ала республикалық және аудандық газетерге жарияланады. Азаматтарға жер телімдеріне қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуы мен заң бұзушылықты алдын ала анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

 

11. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ісіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Тараз қаласы және аудан әкімдері «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің «Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» бойынша 2005 жылдан бастап бөлімде 375 азамат кезекке тіркелген, оның ішінде «Мемлекеттік корпорация, халыққа өызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 191.

2017 жылдың он айында бөлімде тіркелген 26 жеке тұлғаның өтініштерінің мерзімі уақытылы заң талаптарына сай орындалған. Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасының стандарттарына  және ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

 

12.

Төмендегі критерийлерді белгілей отырып, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықпен күресте жүргізілген алдын алу жұмыстарын бағалаудың рейтингілік жүйесін енгізу туралы мәселені қарастыру:

– есепті кезеңде (жарты жылда 1 рет) сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық  жасағаны үшін жауапқа тартылған тұлғалардың саны;

–  жүргізілген түсіндіру жұмыстарының сапасы мен жиілігі (семинарлар, лекциялар, дөңгелек үтелдер және жемқорлықпен күрес тақырыбындағы т. б. шаралар саны);

Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті (келісім бойынша, жинақтау),

Облыс әкімдігі, Мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша)

Ішкі істер департаменті (келісім бойынша)

2017 жылдың 10 айында 3

тұлғаға 3 қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күнге  2 іс қысқартылған. (2016 жылдың 10 айында 1 тұлғаға 45 қылмыстық іс қозғалған).

2017 жылдың 10 айында

аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 16 мақалала жарияланды

«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті», «Жемқорлық жетер түбімізге» тақырыбындағы жастармен 18 кездесу, сондай-ақ «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбында 14 дөңгелек үстел отырысы өтткізілді.

 

«Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру. Ішкі істер департаменті

(келісім бойынша)

Тараз қаласы және аудан әкімдері тиісті облыс әкімдігінің басқармалар

«Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар жоспары бойынша жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.
14. Облыста жекешелендірудің 2014-2016 жылдардағы «екінші толқынын» жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету Тараз қаласы және аудан әкімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысымен  бекітілген 2014 – 2016 жылдарға арналған жоспары бойынша сауда саттыққа 2 обьекті жоспарланған, іс жүзінде «Құлан Таңы» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекетке тиесілі 49% үлесі нарықтық бағасы 8 034 114  теңге болып бағаланып, электрондық аукцион қорытындысы бойынша 7 931 212  теңгеге 2014 жылдың желтоқсан айында жекешелендірілді. «Жасыл Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін 2014 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылдың қыркүйек айлары аралығында 5 (бес) мәрте нарықтық бағасы 12 059 000  теңге болып бағаланып, соңғы аукцион соммасы 3 608 842 теңге болып сауда саттыққа шығарып, сауда саттыққа қатысу өтінімдерінің болмауына байланысты, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы                  28 қыркүйектегі №319 қаулысына негізінде 2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап таратылды
15. Төмендегі салаларда  ХҚКО ұсынатын қызметтер арқылы «Бір терезе» принципін жүзеге асыру туралы мәселені қарастыру:

– мемлекеттік қордан тұрғын үй беру және тұрғын үй кезегіне тұру кезінде;

– жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер пайдалану құқығын беру кезінде;

– мектепке дейінгі балалар мекемесіне оқуға жолдама беру кезінде;

Облыс әкімдігінің тиісті басқармалары,

Тараз қаласы және аудан әкімдері, халыққа қызмет көрсету орталығы (келісім бойынша)

«Мемлекеттік корпорация, халыққа өызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 191.

2017 жылдың он айында бөлімде тіркелген 26 жеке тұлғаның өтініштерінің мерзімі уақытылы заң талаптарына сай орындалған. Бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасының стандарттарына  және ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

 

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде БАҚ-та жемқорлыққа қарсы тақырыптағы тұрақты айдарлардың санын арттыру, сол сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және азаматтық ұстанымды белсенділендіруге бағытталған әлеуметтік бейне және аудироликтерді жалға беруді қамтамасыз ету. Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы,

Тараз қаласы және аудан әкімдері

«Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қоры аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі тарапынан берілген лотты ұтып, «Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жүргізілді.

«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті», «Жемқорлық жетер түбімізге» тақырыбындағы жастармен 5  кездесу, сондай-ақ «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбында 1 дөңгелек үстел 3 семинар, 1 пікірталас, 1 конференйия өтткізілді.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 16 мақалала жарияланды.

Құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығының түрлі формаларын жетілдіру Облыстық прокуратура,

Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), Мемлекеттік кіріс департаменті (келісім бойынша), Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті (келісім бойынша)

Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау
Мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, оқу орындарының оқушылары мен халықты оқыту үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған арнайы оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар дайындау. Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті (келісім бойынша) Бағдарламаны дайындау және бекіту
19. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық сайтын дайындау және іске қосу, сайтта облыстағы медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар туралы ақпараттарды, медициналық ұйымдар басшыларының электронды мекен-жайлары мен сенім телефондарын жариялау. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сайт жасау

2015 жылдың

2 тоқсан

20. Денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс, қызмет және тауар сатып алуға, сол сияқты дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған қаржыны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау

Тұрақты

21. Медициналық ұйымдар көрсететін ақылы қызметтер көлемі туралы, сол сияқты ақылы қызметтерден түскен кіріс есебінен жүргізілген өндірістік шығындар туралы медициналық мекемелер басшыларын тоқсан сайын тыңдаудың ведомстволық есеп беру формасын дайындау. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау

Тоқсан сайын

22. Медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау үшін халыққа сауалнама дайындау, сауалнама нәтижесіне сараптама жүргізу туралы мәселелерді қарастыру. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жарты жылда 1 рет талдау,

қорытындысын БАҚ-та жариялау.

Жарты жылда 1 рет

23. ТМККК шеңберінде тегін медициналық препараттармен толық қамтамасыз етілген адамдар тізімін амбулаториялық медициналық мекемелер мен фармацевтикалық ұйымдар арасында салыстырып тексеруді ұйымдастыру, осы ақпаратты интернет-ресурсқа міндетті түрде орналастыру. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Ай сайынғы салыстырып тексеру, денсаулық сақтау басқармасына ақпарат беру

Тұрақты

24. Жоғары сынып оқушыларымен, жоғары оқу орындарының студенттерімен сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында ашық сабақтар өткізу. облыс әкімдігінің білім басқармасы 2017 жылдың 30 қазан күні аудандық білім бөлімінің базасында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» атты шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудан бойынша байқауға 32 үміткер қатысты. Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді ( шығарма, эссе, әңгіме, өлең) жеңімпаздар анықталып облыстық байқауға жолдама берілді. Сонымен қатар 2017 жылдың 8 қараша күні білім бөлімінің базасында «Жемқорлыққа жол жоқ» үздік беинероликтер және «Адалдық-ардың ісі» үздік суреттер байқауының сараптау кезеңі өткізіліп облыстық байқауға жіберіліп Гагарин негізгі мектебінің оқушысы 3 орынды иеленді.
25. Білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеу. облыс әкімдігінің білім басқармасы Білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын Республикалық трансферттер есебінен келетін қаржыға бірыңғай ұйымдастырушыны сала бойынша Жамбыл облысы әкімдігі айқындайды, жергілікті бюджет есебінен берілетін қаражаттарға бірыңғай ұйымдастырушыны Т.Рысқұлов аудан әкімдігі айқындайды.

 

26. Ведомстволық сайтта мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпаратты мерзімінде орналастыруды ұйымдастыру. облыс әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта