home
home home

ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Ел Президенті Н.Ә.На­зарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы    –     еліміз­ дің  жарқын  болаша­ғын  бағдарлаудың, кемел келешегін қа­лыптастыратын құралы болып отыр. Онда өт­кенімізді саралай келе, мақтанышпен айтатын тарихымыздағы баға жетпес   құндылықтар мен салт­дәстүріміздегі ерекшеліктерді іріктеп алып, қайта жаңғырту қажеттігі, керітартпа қасиеттерден құтылу, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып,  дамудың, ел болып, мемлекет болып өсіп­ өркендеудің, дамыған отыз елдің қатарына қосылудың жаңа мүмкіндіктері, жү­йелі жоспарлары жайлы айтылған.

Дамыған, өркениетті елдердегідей біздің де өркениетіміз дамып, елде жаңа кәсіп ашылып, жұмыс көбейер болса, еліміздегі кедейшілік деңгейі де төмендер еді. Біздің қазба­ бай­лықтарымыз мол, жеріміз кең, табиғи байлығымыз да жетерлік. Елбасымыз айтқандай, оны  игеріп, өз кәсібін дөңгелете білетін саналы да іскер «адами капиталды» же­тілдірсек, халықтың әл­ ауқаты да жоғарылар  еді. Сонда, ұрлық, тонау сияқты қылмыстар да, бұзақылық әдеттер де азаяры сөзсіз. Біз адами капиталды неғұрлым жетілдірген сайын, жұмыс көбейген сайын со­ ғырлым қылмыс деңгейі де азаяды. Көптеген қылмысқа себепші болатын – жоқшылық, жетіспеушілік және бос уақыттың көптігі болса, жұмыс деңгейінің өсуі оған тосқауыл бола алады. Елбасымыздың   бағ­ дарламалық мақаласында аталған жоспарлардың барлығы дерлік еліміздің дамуы үшін, табысты ел болуымыз үшін тигізер септігі мол  міндеттер. Біз – алдына үлкен мақсат қойған, келешегі кемел, болашағы жарқын жасампаз мемлекетпіз! Ал, «Рухани жаңғыру» ­ табысты ел болуымыздың кепілі болмақ.

Д.АЛАШБАЕВ,

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта