home
home home

«Таза ауыл» және «Жасыл ағаштар» жалпы сенбілік акциялары өткізілді

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі өз аймағымыздың көркеюі мен тазалығын сақтау жолында ағымдағы жылдың 30 наурызы күні аудан көлемінде мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Таза ауыл» және «Жасыл ағаштар» жалпы сенбілік акциялары өткізілгендігін хабарлайды.
Акция барысында аудан әкімдігіне қарасты 15 ауылдық округ, 13 бөлім, сонымен қатар «Жастар ресурстық оралығы» КММ волонтерлары, №18 Ақыртөбе колледжі, білім бөліміне қарасты 39 мектеп, 25 балабақша, медицина саласы қызметкерлері арнайы белгіленген орынға ағаш отырғызу сенбілігіне қатысты. Акцияға аудан бойынша 190 мемлекеттік қызметкерлердің 176–ы белсене атсалысып, сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар 400 -ге жуық әр түрлі салада қызмет етіп жүрген мемелкеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Құлан ауылындағы Спорт кешені ауласына барлығы 93 сәндік ағаштар, 10 шырша егілсе, Қарақат ауылының жасыл белдеуіне 100 қаратал отырғызылды. Сонымен қатар ауылдық округтерде арнайы 1600 жуық қара тал, 190 жеміс ағашы, 84 көпжылдық сәндік ағаш және 22 түп шырша ағашы отырғызылды.
Жалпы аудандық сенбілік барысында 2000 -ға жуық көшет отырғызылды. Жыл сайынғы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі сенбіліктер өскелең ұрпақты да, ересектерді де тазалыққа тәрбиелейді.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта