home
home home

Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар тұлғаларға (мүгедектер және мүгедек балалар, ҰОС қатысушылары)тұрғылықты жеріне шыға отырып мемлекеттік қызметтерді көрсету

І,ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар,ҰОС қатысушылары Бірыңғай байланыс орталығына өзіне қажетті қызметіне өтініш тастай алады.Орталықтың жауапты тұлғасы  өтінімді қабылдағаннан кейін  электрондық пошта арқылы 2 жұмыс күні ішінде ХҚКО жауапты қызметкеріне өтініш берушінің деректерін жолдайды.ХҚКО-ның жауапты жұмыскері өтініш берушімен байланысады, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін салыстырып тексереді,өтініш беруші үшін келуге қолайлы болатын уақытты белгілейді.Мобильдік топ 72 жұмыс сағаты ішінде құжаттарды қабылдау мен беруді жүзеге асыру үшін өтініш берушінің үйіне жолға шығады,ХҚКО көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес береді.Денсаулығы нашар тұлғалар-мүгедектердің,мүгедек балалардың компьютерлік сауаттылығын және оларға қолайлылықты арттыру мақсатында ХҚКО-ның жауапты жұмыскерлеріне өтініш берушілер келіскен жағдйда Электрондық үкімет порталы және электрондық –цифрлық қолтаңба арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша оқыту жүргізіледі.

 

 

                                                                                 «Азаматтарға арналған иүкімет» мемлекеттік корпорациясы»

                                                                                  коммерциялық емес акционерлік қоғам Жамбыл облыс

                                                                                 бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің

                                                                                 Т.Рысқұлов аудандық бөлімі


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта