home
home home

Тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтар тізімі

АНЫҚТАМА

 

Тұрғын үй кезегі бойынша бүгінгі таңда аудандық тұрғын үй кезекте барлығы 790 адам тіркелді (01.10.2019 жылғы жағдай бойынша), оның ішінде:

ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар – 1;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезегі-108;

көп балалы отбасылар – 184;

Әлеуметтік осал топқа жататындар – 374,  оның ішінде:

І және ІІ топтағы мүгедектер – 89,

мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары – 65,

ҚР Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың түрлерімен ауыратын адамдар – 1,

жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер – 10,

оралмандар – 4,

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 1,

толық емес отбасылар – 204.

Мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік мекеме қызметкерлері, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 123 адам;

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша бюджеттік мекемелерге жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде  барлығы 22 мекемеден  2342 адам оның ішінде 487 адам бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Тиісті екінші деңгейлі банктерге жүгіну қажеттігі туралы түсіндірілді. (оның ішінде кезекте тұрған азаматтар бойынша 25 адам).

«Бақытты отбасы» Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы Жамбыл облысында 2019 жылдың 17 шілде айынан бастап жүзеге асырыла бастады және бүгінгі таңға бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты бағдарлама тоқтатылды.

01.10.2019 жылғы жағдай бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 40 адам жолдама алды, оның ішінде көпбалалы отбасы – 28, толық емес отбасы – 11, мүгедек бала асыраушы отбасы – 1.

Көп қабатты тұрғын үй құрылысы бойынша Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабында 80 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй (1 нүкте) құрылысын салу нысанының ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) байланыстырға 2017 жылға 5000 мың теңге, 2018 жылға облыстық бюджеттен 7134,0 мың теңге бөлінді.

Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабында 80 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй (2 нүкте) құрылысын салу нысанының ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) байланыстарға 2018 жылға облыстық бюджеттен 10925,0 мың теңге бөлінді.

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта