home
home home

Түскен өтініштер және оларды қараудың нәтижелері туралы ақпаратты қоса алғанда азаматтар мен ұйымдардың өтініштеріне шолулар

 

Т.Рысқұлов ауданының 2018-2019жылдың II тоқсанның қорытындысымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» нәтижесі бойынша

талдау

 

 

2018 – 2019 жылдың II тоқсанның қорытындысы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ТӨ нысанды  статистикалық есепті қалыптастыру нәтижесі бойынша талдау жасалды.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік органдарда барлығы 1868 (2018ж. -1787) – өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың өтініштерінің саны – 1530 (2018ж. -1359), заңды тұлғалардың өтініштерінің саны – 338 (2018ж. -428).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы санын бөліп қарағанда, өтініштердің саны –1818(2018ж. -1705), арыздардың саны –16 (2018ж.-15), басқа да өтініштердің саны – 34 (2018ж.-67).

Сондай ақ, өтініш-арыздар қарауы бойынша 500 (2018ж. -407) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне жолданған, 12 (2018ж. -2) қарауы бойынша басқа органға жолданған, оның 1356 (2018ж. -1308) өтініш-арыз қаралып,  661 (2018ж. -692) қанағаттандырылып, 685 (2018ж. -611) түсінік берілген және қараусыз қалдырылғаны 3(2018ж. -5). Есептік кезеңнің соңына қалдырылған өтініштер саны – 110 (2018ж.-70).

2019 жылдың II тоқсанның қорытындысы бойынша түскен жеке тұлғалардың өтініштерінің саны 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай,  яғни  жеке тұлғалар – 106,6 %-ке өскен, ал заңды тұлғалардың өтініштерінің саны 78,9-%-ке  азайған.

2019ж.-2018ж. II тоқсанында  аудан әкімі, орынбасарлары және бөлім басшылары және ауыл округ әкімдері бекітілген жеке қабылдау кестесіне сәйкес ай сайын азаматтармен кездесу жүргізеді. Жеке қабылдау бойынша 208 (2018ж-298) азамат қабылданған. Оларға қолданыстағы заң нормаларына сәйкес тиісті жауаптары уақытында берілген.

2019- 2018 жылы салыстырмалы түрде

 Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік органдарына

түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы саны

 

 

 

II тоқсан Т.Рысқұлов ауданы бойынша

мемлекеттік органдарына түскен жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерінің түрлері бойынша мәлімет  

(2018 ж. II тоқсанымен салыстырмалы түрде) 

 

Осы ретте, талдау нәтижесі көрсеткендей 2019-2018 ж.ж. II -тоқсанды  салыстырғанда аудан әкім аппаратының бөлімшелерімен ауыл округтерінен түскен шағымдардың саны өскені байқалады.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәліметтерден 2018-2019 ж.ж. жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдардың саны 1868(2018 жылы –1787) құрады, яғни 104,5 %-ке  ұлғайған.

Талдау көрсеткендей, аудан тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелердің көпшілігі «жер ресурстарын пайдалану- 924 (2018ж.- 817), материалдық көмек көрсету жөнінде 18 мәселе (2018ж. – 15), еңбек қатынастары бойынша 25 мәселе (2018 жылы – 77), білім мәселелері бойынша 55 мәселе (2018 жылы – 38),  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 61 (2018 жылы – 184), ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша-37 (2018 жылы – 57), басқада сұрақтар бойынша 748 (2018 жылы – 519) болып отыр.

   
Аталған арыз-шағымдардың басым көпшілігі Құлан ауылдық округі тұрғындарынан-226(2018жылы–240), Луговой ауылдық округі тұрғындарынан- 178(2018жылы–78), Өрнек ауылдық округі тұрғындарынан – 46( 2018 жылы –35) түскен.

 

 

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта