home
home home

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚТА!

Қазіргі КВИ жағдайы бойынша

16 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика сары аймақта тұр.

Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары қызыл аймақта тұр.

Орташа қауіпті сары аймақта – Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Қалған өңір салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен жасыл аймақта.

КВИ-ге шалдыққандар саны артқан жағдайда, халыққа сапалы және уақтылы көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар 71 мың төсек-орын дайындап отыр.

Қазір инфекциялық төсек-орынның 21% және реанимацияның 17%-да пациент бар. Азаматтарға үйде медициналық көмек көрсету үшін көшпелі мобильді бригадалар дайындалды. Мобильді бригадалар биыл шілдеден бері 280 мыңнан астам қызмет көрсеткен.

Шілде айымен салыстырғанда қазір жедел медициналық көмек шақырушылар саны 43,8%, ал КВИ бойынша – 79% төмендеді.

КВИ-мен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету үшін өңірлік және республикалық сараптамалық топтар құрылды, өңірлік Call-орталықтардың және 1406 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы күшейтілді.

©️Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта