home
home home

жаңалықтар

Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,

лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

ломбардтар;

бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.

Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.

Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзіндегі жіберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6), 8) – 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.

Комитеттін ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» – «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан.

Web-СФМ жүйесі жеңілдетілген тіркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған атап көрсетеміз.

Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажетті шараларды қабылдау, қызметті басталуы туралы хабарламаны жіберу және жоғарыда көрсетілген жүйелерінде тіркеу міндетті түрде ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Қаржы мониторингі комитеті

 

 

 Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

 Жуырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Тұмабеков пен басқарманың бас маманы З.Уразбекова ауданымызға келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің конкурстық комиссия отырысына байқаушы ретіндегі қатысуының негізгі міндеттері, конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі ұсыныстар беру, байқаушыларға қажетті заңнаманың нормалары, конкурс барысындағы және конкурсты қорыту кезіндегі байқаушылардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

 

 Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

 Өткен аптада аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жәрмеңке болып өтті. Жәрмеңкеге аудандық ішкі істер бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау және мемлекеттік кірістер басқармалары, аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Көгершін ауылдық округі әкімінің аппаратының өкілдері қатысып, өздеріндегі бос лауазымдарын ұсынды.

Жәрмеңкеге барлығы 50 ден астам аудан жастары қатысып, көкейіндегі сұрақтарының жауабын алды. Аталмыш бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жоғары оқу орындары мен техникалық білім беру ұйымдарын аяқтаған түлектерді, жастарды жұмыспен қамту мақсатында жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметке кіргісі келетіндерге бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Е. ҚУАНДЫҚ,

аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас маманы.

 

Құқық бұрышы Электрондық көмекші

Аудан прокуратурасының қызметкерлері аудандық соттың судьялары және қызметкерлеріне «Қылмыстық кодекс калькуляторы» электронды жүйесінің мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бас қосуда аталған электрондық жүйенің аудандық сот қызметкелеріне, әсіресе жаңадан тағайындалған судьяларға таптырмас көмекші екені сөз болды.

Электрондық көмекшіні http://armgo.itlab. kz электрондық адресі бойынша қолдануға болады.

Қазіргі уақытта «Қылмыстық кодекс калькуляторы» аудан прокуратурасы қызметкерлерімен мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде кеңінен қолданылуда.

Аудандық прокуратура.

 

Адвокаттық қызметті жетілдіру

«Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» Заң жобасының жаңа кірістемелер бөлігі адвокаттық қызметті «Адвокаттық қызмет туралы» заңның негізінде жетілдіруге қатысты. Заң жүзінде адвокаттар коллегиясына мүшелікке кіруге төлемдер жасауға тыйым салынған. Қазіргі уақытта кіріс төлемдері 680 000 теңгеден 800 000 теңге мөлшерін құрайды, бұл адвокаттық қызметті бастауға қажетті фактор болып табылады.

Адвокаттың құқықтық статусын күшейту: нотариус, жеке сот орындаушылар, заң кеңесшілері палатасынан жағымсыз сипаттамалармен шектелген, лицензиясынан айырылған тұлғалар адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат етілмейді. Бұл заң жобасы азаматтардың кәсіби заң көмегін алу барысында олардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ, осындай қызметтерді көрсетудің тетігін жетілдіруге бағытталып отыр.

Бұдан кейінгі басты мәселе, 2020 жылдан бастап адвокаттардың кәсіби, яғни, оларға жүктелген жауаптылық міндетті сақтандыру тетігін енгізу. Осы арада айта кетейік, міндетті сақтандырудың талаптары, сақтандырудың түрлері мен стандартты шарттары заңнамалық актілермен белгіленеді, ал сақтандырудың басқа шарттары тараптардың келісімімен анықталады. Ал адвокаттардың жауаптылығын сақтандыру әлемдік тәжірибеде, мәселен Германия, Франция секілді елдерде бар.

Адвокаттық қызметті реттейтін заңдарды талқылау және «Құқық қорғау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша адвокаттардың, құқық қорғау мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері және Әділет басқармасының басшысы Т.Расиловтың қатысуына халықпен кездесулер ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Б.МҰХТАРОВА,

аудандық Әділет басқармасының бас маманы.

 

Применение положении Конвенции о ликвидации всех форм дискриминации

Республика Казахстан присоединившись к Конвенции, приняла обязательство проводить политику ликвидации дискриминации. Включить в себе принцип равноправия мужчин и женщин в Конституции и обеспечить с помощью закона и других средств практического осуществления этого принципа.

Конвенция ООН «О ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин» раскрывает понятие «дискриминация в отношении женщин» как любое различие, ограничение по признаку пола, которое направлено на ослабление или сводит на нет признание, пользование, осуществление женщинами, независимо от их семейного положения, на основе равноправие мужчин и женщин, прав и свобод человека.

Необходимо проводить постоянный мониторинг соответствия национального законодательства и практики его применения кположениям данной Конвенции, это будет содействовать выполнению страной международных обязательств по соблюдению прав женщин.

На сегодняшний день в Республике Казахстан принимаются конкретные меры по реализации Конвенции ООН о ликвидации всех форм дискриминации.

Законодательство Республики Казахстан исключает различие или ограничение прав и законных интересов граждан по признаку пола, поскольку принцип равноправия мужчин и женщин является его основополагающим принципом.

В целом, все национальное законодательство Республики Казахстан направлено на достижение фактического социального равенства мужчин и женщин.

Г.АМАНБАЕВ,

председатель суда района Турара Рыскулова.

 

Новый формат АСП

С 1 января 2018 года государство переходит на новый формат адресной помощи. В нашем районе прошли встречи с населениями сельских округов, где говорилось, что теперь нуждающимся малоимущим семьям не просто будут выдавать пособия, а государство будет оказывать комплексную помощь с получением профессий, выдачей микрокредитов на открытие своего дела.

– Новый формат оказания адресной социальной помощи существенно отличается от того, который в данное время выплачивается.

То есть центры занятости будут помогать получать работу, освоить професии. Если в семье, которая получает пособия, есть трудоспособныечлены семьи, то они должны в рамках продуктивной занятости иметь возможность трудоустроиться.

Если в семье кто-то не может работать по объективным причинам, то адресная соцпомощь будет выплачиваться и дальше. С трудоспособными членами таких семей будет пастроена работа в новом формате. То есть вводится новое понятие «социальный контракт».

Социальный контракт будет заключен между государством в лице местного исполнительного органа и гражданином.

То есть государство берет на себя ряд обязательств, а гражданин в свою очеред обязуется принимать эту помощь и выходить из трудногоположения, в котором он оказался.

Гражданом получающие пособия но будет уколняться от помощи, будет урезано адресное социальное пособие на 50 процентов за исключением детей до 18 лет и матерей, сидящими дома по уходу за ребенком.

В заключении хочу сказать, что бездельники, злосно уклоняющиеся от работы и получении профессии и привыкших годами получать адресные социальные пособия, лишат поддержки государства.

Б.ШАМАЕВ,

начальник отдела занятости и социальных программ акимата района Т.Рыскулова.

 

Ұлттық ойын халық мұрасы

Ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басатын, болашаққа сеніммен беталатын саналы ұрпақ тәрбиелеу – «Балапан» балабақшасының басты мақсаттарының бірі.

Бұл жолда Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын басшылыққа алып, «Ұлттық ойын – халық мұрасы» тақырыбына жоба әзірледік. Жобаның өзектілігі – ұлттық ойындар ойнату арқылы тәрбиеленушілерді шапшаңдыққа, ептілікке, алғырлыққа тәрбиелей отырып, халықтың ұлттық моделі мен білігі жағынан өркениетті елдермен тең тұра алатын, бойында ұлттық рухы, отанын сүйетін және қастерлейтін жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Ең бастысы атадан балаға қалған ұлттық ойындарымыздың қалай қалыптасқандығын айтып ұғындыру.

Ұлттық ойындардың өрісін кеңейту арқылы балаларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, қамқорлыққа баулу – қазақты әлемге танытудың жарқын үлгісі деп білеміз.

А. РАЕВА,

«Балапан » балабақшасының денешынықтыру нұсқаушысы.

 Дерек пен дәйек

 Аграрлы сала – ауқымды сала

 (Мәліметтер аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінен алынды)

Егін орағы:

Биылғы жылдың өніміне 83633 гектар масақты дақыл ораққа түскен болатын. Оған аудандағы 182 комбайн және басқа да қажетті техникалар қатысты. Егін орағын алғашқылардың бірі болып аяқтаған «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і әр гектарынан 30 центнерден, «Шәушен» шаруа қожалығы 32 центнерден өнім алды.

Аудандағы жалпы орташа түсім 25,5 центнерді құрап, қамбаға 213591 тонна астық құйылды. Малдыбай ауылында орналасқан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-не қарасты сыйымдылығы 30 000 тонналық механикаландырылған астық қабылдау пункті мен сыйымдылығы әр түрлі көлемдегі 43 астық қоймалары 2017 жылдың астығын қабылдады.

Күзгі дала жұмыстары:

2018 жылдың өнімі үшін 34000 гектар алқапқа күздік бидай себу жоспарланса, бүгінде 36014 гектарға күздік себіліп, жоспар 106%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда «ҚАЗИНСТРАХ», «Иншуранс» сақтандыру қоғамдары арқылы 12350 гектар алқап сақтандырылды.

Тыңайтқыш пайдалану:

2017 жылы аудандағы шаруа қожалықтар егістік жерлерінің топырағын құнарландыру үшін 2097,7 тонна минералды тыңайтқыштар алып, 17900 гектар егістік алқап тыңайтылды.

Пар айдау:

2018 жылдың өніміне себілетін егістік жерлердің құнарлылығын арттыру мақсатында ауыспалы егістік әдісімен 73180 гектар алқапқа сүдігер айдалып, 100%-ға орындалды.

Мал азығын дайындау:

Мал қыстату науқанына аудандағы 44900 гектар шабындықтан 188500 тонна шөп (105%), 27500 тонна сабан (220%), 65780,0 тонна жем (110%) дайындалды.

Техника алу:

Жыл ішінде аудан шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 52,0 млн. теңгеге 9 дана ауылшаруашылық техникаларын сатып алса, 5 дана «МТЗ» доңғалақты тракторы 27,5 млн. теңгеге лизинг арқылы алынды.

Мал шаруашылығы:

Ауданда жайылым мен мал қыстату, жем-шөп қорын жеткілікті көлемде дайындау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы мал басының қарқынды өсуіне септігін тигізуде. Қазір аудандағы 35948 бас ірі қара, 475174 бас қой-ешкі, 16243 бас жылқы, түйе 61 бас бар.

2013 жылдан бастап асыл тұқымды шаруашылықтар қайта тіркеуден өтті. Бүгінде 5 асыл тұқымды шаруашылық мүйізді ірі қараны, 4 асыл тұқымды шаруашылық қойды, 1 асыл тұқымды шаруашылық жылқыны, 1 асыл тұқымды шаруашылық шошқаны асылдандырып келеді. Сонымен қатар, 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған 12,780 бас жылқыға арналған 5,3600 бас қойға арналған 4,30000 бас шошқаға арналған 1 мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс істейді.

«Құлан таңы» ақпарат.

 

 

Прокурордың 100 кеңесі

«Жеке тексеру мен жеке тінтуді» қай кезде жүргізе алады?

ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАЛҒАН КЕЗДЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ 2 КУƏГЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СІЗДІҢ ЗАТТАРЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІ ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ (ƏҚКО-НЫҢ 791-БАБЫ).

ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ – бұл құқық бұзушылықтарды анықтау жəне алдын алу, құжаттарды, заттарды жəне əкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не заты болып табылатын басқа да заттарды анықтау жəне алу үшін адамның денесін жəне оның киімдерін мəжбүрлеп тексеру.

ЗАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ – бұл олардың құрылымдық бүтіндігін бұзусыз жеке тұлғада бар заттарды тексеру.

Егер сізде қару немесе қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін өзге заттар бар деген күдік келтірілсе, жеке тексеру, заттарды тексеру прокурорды 24 сағат ішінде хабарлай отырып, куəларсыз жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша куəгерлердің қатысуымен тінту, жеке тінту жүргізілуі мүмкін (ҚПК-ның 252, 255-баптары).

Тінту іс үшін маңызы бар заттар немесе құжаттарды анықтау жəне алу, оның ішінде тиым салуға жататын мүлікті анықтау мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, тінту іздестірілетін адамды жəне адамның мəйітін анықтау үшін жүргізілуі мүмкін.

Жеке тінту тінтілетін адамның денесіндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киіміндегі жəне заттарындағы заттар мен құжаттарды табу жəне алып қою мақсатында жүргізіледі.Жеке тінтуді тінтілетін адаммен бір жыныстағы адам ғана жасай алатындығын жəне сол жыныстағы куəгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізілетіндігін білу қажет.

Тінту, жеке тінту тергеу судьясының санкция беруі арқылы жүргізіледі:

Тінту жүргізуді бастағанға дейін сізге қаулыны көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ, сізге іс үшін маңызы бар болуы мүмкін алуға жататын заттар мен құжаттарды өз еркімен беру ұсынылуы тиіс.

Тінту кезінде, егер иесі оларды өз еркімен ашудан бас тартса, жабық тұрған үй-жайлар мен қоймалар ашылуы мүмкін.

Мыналар тергеу судьясының санкция беруінсіз жүргізілуі мүмкін:

– тінту, егер іздестірілетін жəне (немесе) алуға жататын объекті оны анықтағаннан кейін кешеуілдеуге байланысты жоғалуы, бұзылуы немесе қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуы не іздестірілетін адам жасырынуы мүмкін деген нақты қауіп-қатер бар болғанда;

– жеке тінту, егер қылмыстық іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды үй-жайды тінту кезінде сіз өзіңіз ұстап жасырып отыр деген қауіп бар болса; жеке тінту, сізді ұстап, уақытша ұстау изоляторына немесе тергеу изоляторына орналастырған кезде.

 

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүрістұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар!

Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл -өмірлеріңізге өте қауіпті.

Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

Аудандық терроризмге қарсы комиссия.

8 қараша – Статистика күні

Статистика – әрқашан жоғары мәнге ие

Статистика деген сөзді күнделікті өмірде қолданғанымызбен, оның байыбына үңіліп, екшеп жатқан ешім жоқ. Ал шындап келгенде, бұл салада еңбек етіп жүрген жандардың жұмысы өте ауқымды әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Негізінде, Қазақстанның мемлекеттік статистикасына биыл – 97 жыл толып отыр. Жалпы, статистика ұғымының мәні қандай? Өзге маман иелерінен бұл саланың нендей ерекшеліктері бар? Мінеки, газетіміздің тілшісі Марат Диханбай мен аудандық статистика басқармасының басшысы Тойшығұл Жапарқұловтың екеуара әңгімесі осы тақырыпта өрбіді.

– Тойшығұл Қадірбекұлы, статистика сөзінің мағынасын қарапайым тілде жеткізіп берсеңіз…

 

Әлбетте, статистика – бұл кез-келген мемлекетте болып жатқан жаппай әлеуметтік- экономикалық құбылыстарды әрі көптеген тұрақты байқауларды олардың сапалы жақтарымен тығыз байланыста жүргізу арқылы адами қоғамның дамуына сандық өзгерістерді зерделеп, қорытындылайтын қоғамдық ғылым. Статистикалық өңдеулер бойынша қоғамда болып жатқан процестердің орны әрі уақытының нақты жағдайындағы заңдылықтары мен үрдістері анықталады. Яғни, жаһандану заманында мемлекетті ғылыми негізделген статистикалық ақпаратсыз басқару мүмкін емес дегенді білдіреді.

– Сонда кезкелген мемлекеттің даму стратегиясы барысында статистиканың рөлі айрықша назарға ие болып тұр ғой. Солай ма?

– Дәл солай десе де болады. Тәуелсіз мемлекетіміздің барлық даму кезеңдерінде еліміздің статистика органдары қызметкерлері көптеген маңызды міндеттерді табысты шешуге үлкен үлес қоса білген және ол әрқашан осылай жалғаса бермек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Статистика органдары жан-жақты ақпаратты қалыптастыра отырып, реформалар барысын талдау, тиімдісаяси шешімдер қабылдау негізінің үлгісін құрады» деп, сала қызметкерлерінің жүйелі жұмысына тиісті бағасын берген болатын. Осы сәтте мына нәрсені де айта кеткен жөн секілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында мемлекеттік статистиканы түбегейлі реформалау жүзеге асырылып, негізгі халықаралық стандарттар мен жіктеуіштер, көрсеткіштердің жаңа жүйесі әрі статистикалық байқаулар әдістері енгізілсе, бүгінгі таңда заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соның бірі – «Бір терезе» қағидасы. Мұндағы басты ерекшелік мынада. Жеке меншік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары, сондай-ақ барлық мемлекеттік нысандар аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан кілт (ключ) алып, терминал арқылы өз мекемелерінен онлайн жүйесі арқылы статистикалық есебін енгізуіне болады әрі бұған толық мүмкіндіктер жасалған.

– Түсінікті. Енді тақырыпты өзге арнаға бұрсақ. Қазіргі таңда аудан халқының нақты саны қаншаға жетті?..

– 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы есепке жүгінетін болсақ, жалпы алғанда аудан халқының саны – 64482 құрап отыр. Ал, жыл басынан дәл бүгінге дейінгі дүние есігін ашқан сәбилер – 910, неке қидырған жас отбасылар – 285.

– Жұмыс барысында қызметкерлерге қойылар негізгі талабыңыз?..

– Біріншісі – тәртіп, ал екіншісі әрине, еңбек. Аудандық статистика басқармасындағы әр қызметкер өзіне жүктелген міндетті жақсы біледі.Бірі – сауда мен бағаны бағамдаса, енді бірі – ауылшаруашылығы саласындағы зерттеу сауалнамаларын жүргізеді. Статистика органдары арасында біздің ұжым облыс бойынша бірінші орынды иеленіп тұр. Яғни, бұл жалғыз менің ғана емес, Бақытжан Пірімқұлов, Жадыра Бұланбаева, Бақытхан Тойбеков секілді ұжымдағы білікті мамандардың арқасы деп білемін. Сондықтан өз тарапымнан барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Қызметте абыройлары артып, еңбектері еселене берсін.

Сұхбатыңызға рахмет. Жұмыстарыңыз сәтті, статистикамыз мәнді болсын.

 

 

 

Әскери-патриоттық жарыс өтті

Әскер – қай кезде де мемлекеттің жүрегі. Кәмелет жасқа толған әрбір азамат қауіп төнген жағдайда өз Отанын, елін қорғауға қабілетті болуы үшін әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Соңғы жылдары әскерге баруға құлықсыз жастарымыз көбейіп барады. Осы олқылықтарды түзету, жасөспірімдерді әскерге шақыру, Отансүйгіштікке баулу мақсатында 26 қазан күні ауданынымыздағы Құлан ауылшаруашылығы колледжінде жастар арасында аудандық «Менің Отаным – Қазақстан» атты әскери-патриоттық жарыс өткізілді.

Жарысқа аталған колледж студенттері мен аудан көлеміндегі бірнеше мектеп оқушыларынан құралған топтар қатысты. Әскери байқау бірнеше бөлімдерден тұрады. Байқаудың жастар үшін берері мол, әсіресе, жасөспірімдердің жүрегіндегі әскерге деген құлшынысты арттыру маңызды болмақ.

Құлан ауылшаруашылығы колледжі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бірігіп ұйымдастырған шара нәтижесінде, жүлделі 1-орынды Құлан ауылшаруашылығы колледжі, 2-орынды Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп, 3-орынды Құлан орта мектебі жеңіп алды. Сондай-ақ, «Үздік әскери киім» номинациясымен өздерінің ерекше киім үлгісімен көзге түскен Құлан орта мектебі, ал «Жеңіске құштарлығы үшін» номинациясымен Б.Момышұлы атындағы орта мектеп марапатталды. Сонымен бірге, «Үздік мерген» номинациясына Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектептің оқушысы Сандуғаш Төке, «Айбынды жауынгер» атағына Ақтоған орта мектебінің оқушысы Ә.Түзелбек ие болды.

С.ҚАРАСАЕВА.

 

 

 

 

Маман кеңесі

ГЕЛЬМИНТОЗДАР

Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos – іш құрт) – паразит құрттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі. Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады. Гельминтоздар ауылшаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мысалы қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, кездеседі. Гельминтоздар ауруларынан сақтану шаралары: тазалық сақтау, іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту болып табылады.

Контагиозды гельминтоздар деген не?

Гименолепидоз ауруының қоздырғышы карлик цепені, ал, энтеробиоз ауруының қоздырғышы острица құрты болып табылады. Контагиозды гельминтоздар жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, жақсылап жуып тазартылмаған көкөністер, науқас ұстаған сүлгі, есік тұтқасы, ойыншықтар арқылы жұғады.

Науқасты көбіне тамақ ішкеннен соң кіндігінің оң жақ бөлігінің төменгі жағы ауыруы, асқа тәбетінің төмендеуі мазалайды. Басы айналып, құсқысы келеді, ештеңені жақтырмай ұйқысы бұзылады.

Контагиозды гельминтоздарды алдын алу шараларын барлық адамдар яғни, ересектер мен балалар білуі қажет.

Ол үшін:

– көкөністерді жақсылап жуып-тазалап қолдану;

– жеке бас тазалығын сақтау;

– дәретханадан және далада ойнап келгеннен соң қолды сабындап жуу;

– қолданған ойыншықтарды сабынды, содалы сумен жуу;

– балалар ойнайтын алаңның құмын қайта-қайта аударыстырып, әр 10 күнде ыстық сумен залалсыздандырып тұру керек.

Егер контагиозды гельминтоздармен ауыра қалған жағдайда дер кезінде дәрігерге көрініп, арнайы ем қабылдау қажет.

Н.ЖЕНБАЕВА,

аудандық қоғамдастық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.

 

Халықаралық туристік форум өтеді

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 12-14 қараша аралығында Тараз қаласы, Төле би көшесі №93А мекен жайындағы «Агаі Рlаzа» бизнес орталығында «Ancient Таraz-2017» атты халықаралық туристік форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Форумның аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің колдауымеи «Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат» атты халықаралық фестивалі, «ТАRАZ ҒАSНІОN DАҮ» іс-шарасы, Қытай және Қазақстандық туроператорларға арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылады.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі.

 

Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Ақыртөбе ауылы тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен көше атауын өзгерту туралы өткен жиналыстың №1 ХАТТАМАСЫ

Ақыртөбе ауылы 30.10.2017 жыл

Жиналыс төрағасы: Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А.Әбішев.

Жиналыс хатшысы: Ақыртөбе ауылды округі әкімі аппаратының бас маманы А.Мақұлбекова.

Жиналысқа қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары.

Күн тәртібінде:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау, өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысына сәйкес Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Ақыртөбе ауылындағы мағынасы ескірген ДЭУ көшесіне Жібек жолы көшесі, Газовик көшесіне Қарасу көшесі, ПХГ көшесінен Қарақұм көшесі деп қайта атау беру туралы.

Тыңдалды: Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А.Әбішев аталған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауыл көшелерінің атауын ауыстыру туралы жиынға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын сұрады.

Жарыссөз: А.Сейтбеков, Т.Бектұровтар шығып, аталған көшелердің атауы яғни, мағынасы ескіргендігін және ауылдық округтегі қазіргі тыңдалып отырып көшелердің атауларын өзгерту орынды деп айта келе, жиынға қатысушылардың осы ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

Ақыртөбе ауылдық округінің әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Ақыртөбе ауылындағы мағынасы ескірген ДЭУ көшесі Жібек жолы көшесі, Газовик көшесі Қарасу көшесі, ПХГ көшесі Қарақұм көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы шешім аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі бойынша жұмысшы топ отырысында қаралып, облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның отырысына ұсынылсын.

Жиналыс төрағасы:                                           А.ӘБІШЕВ.

Жиналыс хатшысы:                                          А.МАҚҰЛБЕКОВА.

 

 

 

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Рухани жаңғыру: Сот жүйесінің дамуы – ел назарында» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

  

Іс шараға  аудандық соттың судьясы  Л.Байтленова, Т.Рысқұлов ауданының прокуроры Е.Абдумажитов аудандық заң кеңсесінің  адвокаттары Б.Примкулов, Б.Макаева, М.Абдрахманов,   аудандық ІІБ-нің бөлімінің өкілі К.Сулеймен, Т.Рысқұлов ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы Н.Жамалбек,  Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік  архив директоры С.Жекебаева,  Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Н.Жапаркулов қатысты.
Аудандық сотының судьясы Л.Байтленова  Жамбыл облысының соттарында сот төрелігін жүзеге асыруды жеделдететін, сот қызметін ашық және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялары кеңінен қолданылып жатқанын және ИТ-технологияларды кеңінен қолдану, ақпараттық жүйелердің бірігуі, сот төрелігінің ашықтығы мен мобильділігін айтарлықтай көтереді сонымен қатар сот жұмысындағы сыбайлас жемқорлықты тарылтады. Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында, Жамбыл облысының соттары заманауи технологиялармен жарықтанды, солардың бірі сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін айтарлықтай көтеруге бағытталған, сот процестерін аудио-бейне бекіту болып табылатындығын көрсетті.
Іс-шараның соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызмет 06.11.2017 жыл

 

 

 

Киелі өңірдің болашағы кемел

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен ауданда болды

 

Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ауданымызға келіп, жұмыс сапарын Ақыртөбе ауылындағы жаңа Ақыртөбе газ тарату стансасының құрылысын көруден бастады. Оның да өзіндік себебі бар.Бүгінгі таңда аудандағы 42 елдімекеннің 22-сі газға қосылса, 20 елдімекенге газ құбырын жүргізу жоспарланған болатын. Алайда, Ақыртөбе ауылының төменгі жағында орналасқан «Интергаз» АҚ- ның «Ақыртөбе газ тарату стансасы» 1995 жылы Ақыртөбе аймағын ғана қамту үшін салынғандықтан, оның қуаты барлық елдімекендерді қамтуға жетпейді. Сол себепті де қуаттылығы сағатына 20 мың текше метр табиғи газ беру мүмкіндігі бар жаңа АГРС-тің құрылысын салу қажеттілігі туындаған еді. Облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мүсілім Қасымовтың айтуынша құрылысын «Альмансур» ЖШС жүргізіп жатқан қаржы көлемі 442 215 537 мың теңгені құрайтын жаңа Ақыртөбе газ тарату стансасы қараша айында пайдалануға беріледі екен. Осы газ тарату стансасын аралап, ондағы жұмыспен танысу барысында өңір басшысы: – Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміздің жылдан жылға әлеуметтік-экономикалық қуаты артып келеді барлығы осы ел болып еңсемізді тіктеп, өсіп-өркендеу жылдарында мүмкін болып отыр, – дей келе алдағы уақытта ауданның барлық елдімекендері көгілдір отынмен қамтылуы керектігін жеткізді.

Келесі кезекте Құмарық ауылында орналасқан Болтай батыр атындағы орта мектепке атбасын тіреген Кәрім Нәсбекұлы 1991 жылы салынған 620 орындық мектептің асханасы мен спорт залын, ондағы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты ашылған кабинетті көріп, мектеп директорынан мақала аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын сұрады.

Мектеп басшысымен әңгімелесу кезінде Кәрім Нәсбекұлы тарихи маңызы үлкен рухани жаңғыру мәселесіне әнші шыққандығын олардың өздерінің естеріне сала келіп, рухани жаңғыруды міне, осылар арқылы әрбір тұрғынның жан сарайына жеткізіп, санасын жаңғыртып, жүректеріне туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру қажеттігін айтты.

Құмарық ауылы ежелден Алатау мен Үмбет құмына дейінгі аралықты ен жайлап, мал шаруашылығын өрістетіп отырған іргелі ауылдардың бірі. Әлдибек Әміреев жетекшілік ететін «Жастар болашағы» шаруа қожалығы да мал шаруашылығына ден қойған қожалықтардың қатарына жатады. Биылғы жылы 100 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, мүйізді ірі қара малдарын түпкілікті бордақылау арқылы сапасы жоғары мал етін өндіруді қолға алды. Бордақылау алаңын облыс басшысына таныстыру барысында Әлдибек Құрымбайұлы келешекте тағы 100 бас сүтті сауын сиырын Ресейдің Челябинск облысынан әкеліп, сүт өндіру бағытында да бағын сынап көруді мақсат еткенін алдыға тартты. Кәсіпкердің ілгері ниетін құптаған облыс әкімі «Егер малмен мақсатты түрде айналысамын десең, оның жем-шөбін сатып алмай өзің өндіруді қолға ал» деп кеңес берді.

Аудан орталығындағы «Болашақ» сауда кешеніне келген Кәрім Көкірекбаев дүкендегі азық-түлік бағасына ерекше назар аударды. Халық көп тұтынатын тауарлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, бағасын білген өңір басшысын сауда кешенінің иесі, жеке кәсіпкер Бауыржан Тастанбеков тұрмыстық техника мен үй жиһаздарына арналған кешеннің екінші бөлігіне бастап барды.

– Жиһаздарды бұрын сырттан әкеліп сатып жүрсек, енді оны өзіміз шығаруды қолға алып жатырмыз,- дейді кәсіпкер өздері шығарған үй жиһаздарын көрсетіп. – Сапасы да жақсы. Шетелдік жиһаздардан еш кем емес,- деген Бауыржан Тоқабайұлының кәсібіне табыс тілеген Кәрім Нәсбекұлының келесі аялдаған жері «Сұлутөр» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі болды. Бүгінде кооперативке біріккен 31 ауыл тұрғыны 101,5 млн. теңге несиеге 361 бас сиыр малын алып, сүт өндіруді кәсіп етіп отыр. Кооператив төрағасы Қуаныш Қошан үй ауласынан 5,0 млн. теңгеге сүт жинағыш, салқындатқыш танкер орнатып, тұрғындардан сүттің литрін 85 теңгеден қабылдауда. «Болашақта сүт өнімдерін өндіретін цех ашу жоспарымда бар» дейді ол, облыс басшысымен болған әңгімеде ағынан жарылып.

Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапары кезінде «Астана» сауда кешенінің ғимаратымен танысуды да құп көрді. Өңірімізге белгілі кәсіпкер, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің директоры Халит Базаралиевтің иелігіндегі нысан негізінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» кіретін халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің бір терезе қағидатымен жұмыс істеуіне қолайлы. Осыны ескерген аудан әкімі Асқар Қырықбаев ғимаратты мемлекет меншігіне сатып алып, халықтың әр жерге бір сандалмай, жұмысын бір орталықтан тындырып алуына жағдай жасауды көздеп, өңір басшысына таныстырып өтті.

Тамыз айында ашылған «Мөлдір» балабақшасы бұрын ойын сауық орталығы болғанын естіген Кәрім Нәсбекұлы мекеме басшысы Рахат Биғабыловаға кәсіпкерлік нысанды 100 орындық бала бақшаға ауыстырғаны үшін ризашылығын білдірді. Бұдан кейін Абай ауылындағы жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Ондағы науқастарды қабылдау кабинеттерін аралап көрген өңір басшысы ауылдағы аналар мен балалардың денсаулығының жай-күйіне назар аударып, амбулаторияның дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілу мәселесіне көңіл бөлді.

Абай ауылынан ризашылық сезіммен аттанған облыс әкімі Алатау аңғарына орналасқан баламалы энергияның бірден-бір көзі ‑Қарақыстақ су электр станциясының жұмысымен жан-жақты танысты. Ондағы электр қуатын өндірудің бағасына назар аударып, алдағы уақытта таудан келетін тегін суды тиімді пайдалана отырып, осындай шағын су электр станциясын көбейту керектігін айтты.

Жұмыс сапарының соңында Кәрім Көкірекбаев аудандық әкімдікте актив жиналысын өткізді. Жиналыста аудан әкімі Асқар Қырықбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы баяндама жасаған соң облыстық басқармалардың басшылары өз салалары бойынша ауданға қатысты мәселелерді сараптап, зерделеуден өткізген хабарламалар жасады. Облыс әкімі әрбір хабарды мұқият тыңдай отырып, ауданның сол салаға жауап беретін жетекшілерін тұрғызып, мәселенің жай-күйін бүге-шігесіне дейін анықтады.

– Елбасының сындарлы да кемеңгер саясатының арқасында еліміз тәуелсіздік жылдары толағай табыстарға қол жеткізді. Биік шыңдарды бағындырды, – деді өңір басшысы қорытынды жиналыста. – Ендігі жерде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласы арқылы көкжиек болашаққа көз жіберіп, қандай болатынымызды бағамдап берді. Рухани жаңғыру дегенде әр адамның жан-дүниесі қозғалып, жүрегіне жетуі тиіс. Жыр алыбы Жамбыл мен Тұрар мәңгілік. Алаш ардақтылары мен көзсіз батыр Бауыржан тарихта қалды. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тарихын жасап жатқан бүгінгі күннің қаһармандары сіздердің аудандарыңызда да жетеді. Міне, солардың жарқын істерін насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында патриотизм рухын қалыптастыруымыз қажет. Бүгінгі сапар барысында көрдім, “Сұлутөр” кооперативінің жұмысы көңілді қуантады. “Мөлдір” балалар бақшасындағы жап-жас қыздың еңбегіне тәнтімін. Бір өзі 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. Табысы да шаш етектен. Осындай іскер жандарды қолдау қажет. Жалпы, ауданда үлкен серпіліс бар. Жолдар жөнделіп жатыр. Үй салуға жерде бөліне бастапты. Құлан ауылының орталығын көркейтуге қыруар қаржы бөлініп отыр. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалынуда.

Жиналысты қорытындылаған Кәрім Көкірекбаев құландықтарға үлкен игіліктер тіледі.

                                                                                                                                                     Т.ЖАМАНБАЕВ.

                                                                                                                                                            М.АЙНАҚҰЛОВ.

Атымтай жомарт азаматтарға арналды

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын халқымыздың рухын жаңғыртып, болашағына бағыт-бағдар беретін өмірлік мәні бар құнды құжат деп білген жөн. Аталған мақаланы ел-елде, жер-жерде халыққа кеңінен насихаттап отырудың маңызы зор. Сонымен қатар, сол елдегі халқының қамын ойлап, қам жасап, ел-жұртының жақсы өмір сүруіне сүбелі үлес қосқан атымтай жомарт азаматтарын ұлықтаудың да артықтығы жоқ.

Міне, осындай маңызы үлкен, ілкімді шаралардың бірі сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде өрбіді. Елбасы мақаласына орайластырып қолға алынған акцияның атауы «Туған жерге туыңды тік» деп аталады. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы хатшылығының Жамбыл облысы бойынша бас инспекторы Жеңіс Сариев келген акцияға аудан әкімі Асқар Қырықбаев бастаған аудан активі мен жергілікті тұрғындар, атымтай жомарт азаматтар қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне атсалысып жүрген бір топ атымтай жомарт азаматтарға алғысын білдіріп, «Алғыс хатымен» марапаттады. Акция барысында туған жер, туған өлкенің қадір-қасиетін өлеңіне арқау етіп, өндіре жазып жүрген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Шолақ, кәсіпкер Қоныс Сағынбеков пен қажы Әпжапар Акимовтар сахна төрінде тұрып, ел үшін еңбек етудің жарқын үлгісін жүрекжарды сөздерімен білдірді. Ал, олардың ерен еңбектері LED экран арқылы көрсетіліп тұрды. Аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық әндерімен өрілген акцияға қатысушылар елге, туған жерге деген іңкәрлік сезіммен, ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Мереке СЕЙДАШЫМ.

Өнер өлкесінде

«Сұлутөрдегі» кездесу

Аудандық кітапханаға бара жатқан бетім еді. «Сұлутөр» кинотеатрына жұрт көп жиналып қалыпты. «Алматыдан келген жазушымен кездесу өтіп жатыр» деген соң кідірместен ішке кірдім. Сөйтсем, мен бұрын көрмеген аққұба өңді, жасы жетпісті еңсеріп қалған кісі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін асқан бір шабытпен жатқа оқып тұр екен. Өзі кеудесіне жырдан күйсандық орнатып алған ба көкірегі күмбірлеп, залға жиналған жастарға жалынды жырдың бұлағын ағытып алып, тіпті тоқтар емес. Сөзінің төркініне құлақ түрсем, өзі де сол Мұқаңның кіндік қаны тамған Райымбек ауданынан көрінеді.

Кеудесі жырға толы азамат өзін елге Шаяхмет Имашев деп таныстырып: «Қаласаңыздар Мұқаңның жырларын бір таңға жырлауға бармын. Өзім Мұқаңдай ақын бола алмаған соң өлеңді тастап кеттім. Бірақ, Мұқағалиды халыққа насихаттауды өзімнің өмірлік кредома айналдырған жанмын» дейді ол. Кешке кешігіп барғандықтан өнер жұлдызымен кездесудің соңын ала жүздестік.

Шәкеңнің жасы 67-де екен. Өзі Мәскеудегі Бүкілодақтық Кинематографистер институтын тамамдапты. Өзімен бірге осы оқу орнында оқыған қазақ еліне танымал киноактерлар Жамбыл Құдайбергеновтің, Меңтай Өтепбергеновтың, Димаш Ахимовтың, Жанна Керімтаеваның, Нұрлыбай Есімғалиевтің есімдерін ерекше мақтанышпен атады. Өзін «Борис Бабановтың шәкіртімін» деп таныстырған Шаяхмет те қаражаяу емес көрінеді, «Мосфильмде», «Қазақфильмде», «Қырғызфильмде» бірталай рольдерді сомдапты. Ол «Гаухартас», «Бандыны қуған Хамит», «Ақырғы аманат» тағы басқа да 18 фильмге түсіпті.

Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының кино және телевидение факультетінің оқытушысы, профессор, «Райымбек ауданының құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының кино қайраткері Ш.Имашевті Құлан жұртшылығы мен оқушылар жылы қабылдады. Оның Мұқағали мен Абай сынды алыптардың өлеңдеріне сусындап, осы кездесуді ұйымдастырып отырған аудандық білім бөліміне алғыстарын жаудырды.

Кездесу соңында білім бөлімінің әдіскері Бауыржан Самалтыров Алматыдан келген өнер жұлдызының арқасына шапан жауып, өнер иесіне ақ жол тіледі.

С.ҚОЖЕКЕ.

Суретте: белгілі өнер жұлдызы Шаяхмет

Имашев шәкірттерге

қолтаңба беруде.

Сурет Т. Досбембетовтікі.

 

Рухани жаңғыру – жасампаздық кепілі

Латыншаға көшудің маңызы зор

Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық танытып отырғандар бар. Бірақ бұл ‑болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Күні кеше Елбасы Н.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі, бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік беретін, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай- ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын.

2018 жылдан бастап әлемге танымал, брендтік оқулықтарды, яғни, саф алтындарымызды аударуымыз керек. Солармен жастар танысуы тиіс. Осы мықты 100 кітапты меңгерген жастардың ой-өрісі дамып, рухани тұрғыда байып шығатыны сөзсіз.

Б.ТІЛЕУҒАБЫЛОВ,

«Нұр Отан» партиясы

Т.Рысқұлов аудандық

филиалының

                                                                                                                                                  консультанты

Өнерліге әрқашанда өріс кең

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті дей келе, Туған жерге деген сүйіспеншіліктің маңызы мен мазмұнын тарқатып айтқан болатын. Негізінен, мақалада ел руханиятының дамуына серпін бебер көптеген тағылымды ойлар сипатталады. Соның бірегейі – дәл осы «Туған жер» бағдарламасы. Мұндай шешім білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейтінін жеткізген Ұлт көшбасшысы «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатынын және бір нысанаға алып ескерткен еді. Рухани жаңғыру қалай жарық көрді, содан бері аудан әкімдігінің білім бөлімі мақалада ұсынылған барлық бағыт бойынша түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Сондай ілкімді іс-шараның бірі –«Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты дарынды оқушылардың шығармашылық автокеруені.

Біздің мұндағы көздеген мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштікті, еңбекқорлықты және жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы ата-аналарға кең ауқымда атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау. Бірден айта кеткеніміз абзал, аталмыш автокеруен әр аймаққа бөлініп, ең алдымен ауылдық деңгейде ұйымдастырылды. Яғни олар: Ақыртөбе, Көгершін, Қорағаты, Қарақыстақ аймағы деп аталды.

Жуырда «Рухани жаңғырудың жарқы жолы» атты дарынды оқушылардың шығармашылық концерті аудандық мәдениет үйінде болып өтті.Жасыратыны жоқ, тағылымды концерт жиналған қауымға ерекше жылылық сыйлады. Бір сөзбен айтқанда, шығармашылық кеш жоғары нотада өрбіді. Ұлттық салт-дәстүрлерімізге жататын қолөнер шеберлерінің озық үлгісінен өзге, дарынды оқушылар би билеп, күмбірлеген  күй тартып, дәстүрлі ән де шырқады. Әсіресе, Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің Домбырашылар ансамблінің орындауындағы «Күй сайыс» көпшілігіміздің көңілімізге ой салды. Өнер мектебінен дәріс алатын Динара Оразалының орындауындағы Кенен Әзірбаевтың «Ой жайлауы» да тіпті тамаша шықты. Өзінің асқақ дауысымен халық әні «Ақсұратты» шырқаған Жансая Сәрсенбаеваның да өнері жиылған жұрттың жүрегінен орын ала білді. Мерекелік концерттің соңында сөз сөйлеген аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Ербол Әбутәліпов осы бір ілкімді шараға атсалысқан өнерпаз оқушыларға алғыс айта отырып,  мұндай шығармашылық автокеруен жұмыстарын ұйымдастыру мектеп оқушылары арасында зияткер тұлғаны тәрбиелеуге, сондай-ақ, өскелең ұрпақ санасына рухани, патриоттық-этномәдени құндылықтарды сіңіруге барынша ықпал ететін жеткізді.

Бауыржан Самылтыров,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

Мемлекеттік тіл – менің болашағым

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

 

24 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте «Бәсекеге қабілеттіліктің жаңа моделі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, 25 қазан күні Құлан орта мектебінде «Тоғызқұмалақтан» аудандық турнир ұйымдастырылды. Алғашқысына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, соңғысына аудандық спорт бөлімі ұйытқы болды.

26 қазан күні «Рухани қазына» айдары бойынша аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен кітаптар көрмесі өтсе, 28 қазан күні М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Білім және тәрбие» айдарымен аудандық білім бөлімі «Шеберлер қалашығы» байқауын өткізді.

 

«Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша әзірленген облыстық желілік кестеге сәйкес төмендегідей  іс-шаралар ұйымдастырылды:

 

24 қазан күні Қарақат ауылында «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында ауыл жастарымен дебат ойындары өткізілді.

 

25 қазан күні Құмарық, Юбилейное ауылдарында Парламенттік тыңдаулар қортындыларын қолдау бойынша аудандық мәслихат депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде латын әліпбиіне көшуді қолдаушылардың қатары көп болды.

 

26-27 қазан күндері Жаңатұрмыс ауылында «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» тақырыбында семинар, Құлан ауылында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу,  «Латын әліпбиіне көшу – рухани құндылықтарды нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

«Құлан таңы» ақпарат

 

 

 

Аудандық қоғамдық кеңесте

Ел сеніміне селкеу түспеуі керек

Елбасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты бес институционалдық реформасының 99-қадамында «Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту қажет» деп қадап айтқан болатын. Артынша «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға қол қойып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген еді. Заңда Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттеріне мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жасау болып табылатыны айтылған. Демек, жергілікті билік өкілдеріендігі жерде қоғамдық кеңестердің алдында есеп беріп отыруға міндетті.

Шорабек Атабаев төрағалық ететін Кеңеске кеңес мүшелерінен бөлек аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері, бірқатар мектеп директорлары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес алдымен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Тасыбаев мінберге көтеріліп, ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын егжей-тегжейіне дейін айтып шықты. Баяндамадан «Ақбұлақ», «Ауыз су» бағдарламалары аясында бірнеше елдімекендерге ауыз су құбырлары тартылып, мемлекеттік мекемелердің отқазандықтарын салу жұмыстары мен «Арай» тұрғын үй алқабының инфрақұрылымдары жүргізіліп жатқандығын естіп, білдік. Бағамдап қарасаңыз қыруар жұмыстар атқарылған секілді. Соған қарамастан сала басшысының есебіне қоғамдық кеңес мүшелерінің көңілі тола қойған жоқ. Олардың Мирзаян Еркебекұлына қарата жолданған сансыз сұрақтарынан осыны анық байқадық. Тіпті, кеңес мүшелері аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Дауытбековтың жұмысына да сын айтты. Қоғамдық кеңес жанынан құрылған аймақты, өнеркәсіп пен құрылысты, энергетиканы, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Сағынбековтың айтуынша жұмыстардың басы бар аяғы жоқ. Бір ғана мысал, Қайыңды ауылына ауыз су беру үшін скважина қазылып, су шығарылған. Бірақ та ауыл көшелеріне су құбыры желілері тартылмаған. «Қазіргі ауа-райының қолайлы уақытын пайдаланып, су желілерін жүргізіп алуға болар еді ғой. Әйтпесе, біткен скважина, тұрғызылған су мұнарасының халыққа қажеті қанша» дейді Қоныс Оразханұлы.

– Аталған ауылда газбен қамтамасыз ету мәселесі де 40 пайызға ғана орындалған. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды аралығындағы жолдар да тозған. Ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, жол белгілері жоқтың қасы, – деген комиссия төрағасының сөзін өзге әріптестері де қуаттай түсті. Ал, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев: – Аздаған кемшіліктердің өзі атқарылған қыруар жұмыстарға қарамастан атқарушы билікті дәрменсіз етіп көрсетеді. Халықтың билікке деген сенімі жоғалады. Жұмысты мойынға алған соң ел сеніміне селкеу түсірмеңдер, – дей келе Құлан ауылындағы Төле би көшесінің тұрғындары көше жолына қатысты шағымданып отырғанын жеткізіп, кемшіліксіз қызмет етуге шақырды.Осындай сын-ескертпелерді естіген бөлім басшылары кемшіліктердің барын мойындағанымен, олардың да өз уәждері бар. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Арыстанбекұлының айтуына қарағанда аудан көлеміндегі барлық елдімекендердің жолдары жоспарлы түрде жөнделіп келеді. Жыл сайын әр ауылдық округтен кемінде екі-үш көше қамтылса, аудан орталығы Құлан ауылының сегіз-тоғыз көшесі жөндеуден өтеді. Оны аудан әкімінің орынбасары Бейсен Әлпейісов те растады. Жоғарыда сөз болған Төле би көшесіне келсек, жөндеу жұмыстары келесі жылдың жоспарына енгізіліп отыр екен.

Қоғамдық кеңес отырысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы да есеп берді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағартушылық жұмыстарға аса мән беретінін айтқан Жандар Сейтімбетов төтенше жағдай туғызуы мүмкін су қоймалары мен өзен- көлдердің, реттегіш қорғаныш бөгеттерінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары күнделікті бақылауда екендігін жеткізді.

Жиын барысында бірнеше қоғамдық кеңес мүшелері сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Нәтижесінде жоғарыда аты аталған бөлімдердің жұмыстарын жақсартуға қатысты бірнеше ұсынымдар әзірлеп, тиісті орындарға жолданды.

М.АЙНАҚҰЛОВ.

 

«Құлан таңы» ақпарат.

 

Талаптыға нұр жауар

Үмітін үкілеп

Алматыдағы «Ғұмырдария» балалар шығармашылығы орталығы шаңырақ құрғалы биыл он жыл болады. Осы он жыл ішінде жобаның авторы, білікті педагог әрі әнші Айман Тоқтарбекқызы еліміздің түкпір-түкпірінен талай талантты тауып, үмітін үкілеп, республикалық, одан халықаралық байқауларға қатыстырды. Балалар мен жас өспірімдер арасында біреуі әнімен, енді біреуі мың бұралған биімен көзге түссе, мәнерлеп оқу, бейнелеу, сән үлгілерін көрсету сияқты өнерлерімен де сынға түсіп жүр.

Бұл жолы алматылық сарапшы-мамандар Құланға келді. Олардың ішінде республикаға танымал киноактер, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясының кино және телевидение факультетінің оқытушысы, профессор Шаяхмет Имашев, продюсер Болат Есіркепов бар. Көзі қарақты сарапшылар қол өнер, бейнелеу өнері, сән үлгілері, мәнерлеп оқу, аспапта орындау, ән айту номинациялары бойынша үміткерлерді сынақтан өткізді.

Байқаудың мақсаты таланттарды анықтау яғни жүзден жүйрік шыққандарды бәйгеге қосып қана қоймай, олардың келешекте өздері таңдаған оқу орындарына түсуіне көмектесу болып табылады. Байқау он екі жасқа дейінгі және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында (екі топқа бөлініп) өтті. Ең соңғы байқау сахнада ән айту номициясы бойынша бағаланды. Шаяхмет Имашев Бірлес орта мектебінен келіп байқауға қатысқан Шолпан Садатқызының өнеріне тәнті болғаны соншалықты: «Исаның желдірмесін» әркім мәнеріне салып айта бермейді, сенде табиғи талант бар екен, өнерің өрге жүзсін» деді шын сүйсініп. Аудан орталығындағы №1 лицейдің оқушысы Ақзер Орынбасарқызының даусында да керемет бір таусылмайтын әуен бар екенін төрешілер қалт жібермей байқады, тіпті оның француз әнін орындағанына да қарамай жоғарғы балл берді. Сондай-ақ, мексикалықтардың гитарасын сахнаға алып шығып белгілі эстрада әншісі Айқын Төлепбергеннің әнін нәшіне келтіре орындаған Айдарбек Асатқа да ерекше баға берілді. Эстрадалық вокал номинациясы бойынша бас жүлдені Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Ерболат Юнисов жеңіп алды.

Төрешілердің лайықты бағасын алған үміткерлерді республикалық байқау күтіп тұр. Олардың арасында көркем сөз оқудан Альбина Мамытбек, сән үлгісі бойынша Анель Асқар, қолөнерден Айару Сәрсенбек, бейнелеу өнерінен Алтынай Заулахан, көркем сөз номинациясы бойынша Айзере Серік және би номинациясы бойынша “Шашу” би тобы бар.

Б.САМАЛТЫРОВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

СУРЕТТЕ: байқауда ерекше өнер көрсеткен үміткерлер: Ш.Садатқызы, А.Орынбасарқызы және А. Асат.

Сурет Т. Досбембетовтікі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi -қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл -мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру -Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» -деп көрсетілген.

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп мемлекеттік тілдің бағытын Елбасымыз айқындап берген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттік қызметкерлердің қабілет-қарымдысына, соның ішінде қазақ тіліне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметке кірген қазақ қарым-қатынаста қазақша сөйлесуі керек. Болмаса, басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоямыз? Әрбір министрлік, әкімшіліктер мемлекеттік тілге барынша қолдау көрсетіп, ынталыларға көмекті аямауы керек», -деп нақты талап қойған. Демек, мемлекеттік қызметшілер кәсіби қарым-қатынас аясында қазақ тілін жан-жақты қолдану үшін кәсіби лексикаға бай сөздік қорды иелену керек.

Тіл -халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Сондықтан, өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу -қазақ баласының міндеті.

Мемлекеттік тілді қастерлеу, қорғау -әр азаматтың борышы. Сондықтан әрқайсымыз қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолданылуына атсалысуымыз қажет.

Ж.ҚҰЛАТАЕВА,

аудандық соттың бас маманы.

 

Халықтық атағы бар 6 ҰЖЫМ БАҚ СЫНАУДА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық Халық шығармашылық орталығы халықтық атағы бар театрлар арасында «Театр – KZ» деп аталатын байқау ұйымдастырып отыр. Байқаудың мақсаты -облыс аумағындағы халықтық атаққа ие 6 театр ұжымдарының шығармашылық әлеуетін арттырып, актерлардың тәжірибесін ілгері жетілдіру.

Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейлі жасына орай ұйымдастырылып отырған байқауда аудан атынан Басқар Битанов атындағы халықтық драма театры бақ сынауда. Өткен аптада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Ерлан Әуесбаев бастаған қазылар алқасының мүшелері елімізге белгілі сатириктің есімін еншілеген өнер ұжымының «Ажал мен Ажар» атты спектаклін тамашалап, өз пікірлерін білдірді. Қазылардың пікірінше, кезінде театр сыншыларынан тиісті бағасын алған Сәкен Жүнісовтың қоғамға ой саларлық осынау пьесасын Басқар Битанов атындағы халықтық театр өз дәрежесінде көрсетті. Актерлік құрам жақсы таңдалған. Спектакльдің де өн бойында жан дүниені шымырлатар сөздер өте көп. Алайда, қойылым барысында актерлардың сөйлеген сөздерінен кемшіліктер орын алды дегенге саяды. Айта кетейік, бірақ бұл қорытынды сөз емес. Оның нәтижесі жоғарыда сөз еткеніміздей, 6 театрдың өнерлерін көріп болған соң ғана белгілі болмақ.

Марат Жолдасбекұлы.

 

 

 

 

 

 

 

ТІЛСІЗ ЖАУ

Сақтықта қорлық жоқ

Күн суыта бастағаннан әр үйге жылылық сыйлайтын пештер бүгінгі күні қайғылы жағдайларға душар ететін өрт қауіпсіздігі саласындағы қиындықтардың біріне айналып отыр. Сондықтан да мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерінің талаптарын өте қатаң деп те, тым артық деп те айтуға болмайды.

Жылыту құралдары мен пештерді пайдаланудың төмендегі қарапайым ережелерін сақтай отырып, қайғылы жағдайларға жол бермеуге болады:

– Жылыту маусымы басталар алдында жылыту құралдарын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу;

– Жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту;

– Ыстық және желді күндері пештерді, ас үйлік ошақтарды жағуды уақытша тоқтату керек.

– Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, пешті балаларға қаратуға;

– Пештің алдындағы еденге көлемі 50х70 см қаңылтыр қағылмаған жағдайда пештің есігін ашып, оны жағуға болмайды.

Егер де сіз электрлік жылыту пешін қолдансаңыз, онда оның орнату мен қолдану ережелерін қатаң сақтауыңыз қажет:

– электрлі жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы;

– олардың энергияны көп қажет ететін қабылдағыш екенін және үйдегі электр жүйесіне көп жүк түсіретінін естен шығармауыңыз қажет.

Электр жылытқыштарды жанғыш заттармен жабуға немесе бүркеуге, олардың үстіне кір кептіруге болмайды.

Р.ДАДАН,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта