home
home home

Жаңалықтар

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай мерекелік концерттік бағдарлама аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай мерекелік концерттік бағдарлама аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Іс-шара барысында Ауған соғысы ардагерлері алдағы уақытта әскер қатарына шақырылатын жасөспірімдерге есепке алу куәліктерін (приписной билет) салтанатты түрде табыс етіп, мерекелік концертпен жалғасты.

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяда салтанатты митингі өткізілді.

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяда салтанатты митингі өткізілді. Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне аудан әкімі Е.Садырқұлов, мекеме мен бөлім басшылары, ауған соғысы ардагерлері мен жас сарбаздар қатысты. Жиында аудан әкімі Е.Садырқұлов Ауған соғысы тарихы мен зардаптары туралы баяндама жасап, құттықтау сөзін сөйледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов жастарға өсиетін айтса, аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Е.Шабеев жауынгерлік жылдарынан естелік айтып, жастарды Отанды сүюге, оған адал болуға шақырды.

12 ақпан күні Көкдөнен ауылдық округіндегі тұрғын үйлерді су басу кезінде авариялық -құтқару жұмыстарын жүргізу, жиналған суды сору, тұрғындарды эвакуациялау, зардап шеккендерді құтқару және медициналық көмек көрсету жөнінде арнайы тактикалық оқу -жаттығу жүргізілді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник М.Қосыбаевтың 2020 жылдың 10 ақпанында бекітілген тізбеге сәйкес «Көктем-2020»  республикалық  командалық-штабтық оқу -жаттығуға байланысты 2020 жылдың 12 ақпан күні Көкдөнен ауылдық округіндегі тұрғын үйлерді су басу кезінде авариялық -құтқару жұмыстарын жүргізу, жиналған суды сору, тұрғындарды эвакуациялау, зардап шеккендерді құтқару және медициналық көмек көрсету жөнінде арнайы тактикалық оқу -жаттығу жүргізілді.
Қатыстырылған күштер мен құралдар: Байланысты авариялық-қалпына келтіру командасы, Адамдарды құтқару және іздеу командасы, Медициналық қызмет, Өртке қарсы қызмет, Халықты тасымалдауға арналған автоколоннасы,  ЖАО күштері мен құралдары, Инертті материалдар қолданылды

Сүйінші хабар!!! Құттықтаймыз!!!

Сүйінші хабар!!! Құттықтаймыз!!!
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТАТУСЫ БЕРІЛДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №12 қаулысымен «Құлан агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Жоғары колледж статусы берілді.
Колледж алдағы уақытта қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын болады.
Колледжде 79 инженер педагог қызметкер 9 мамандық 26 біліктілік бойынша 639 студентке білім береді. 17 педагог шет мемлекеттерде біліктілігін арттырған. Екі қызметкер Бірлік Сраилов, Еркебұлан Ертаев «Үздік педагог» атағын иеленген. Колледжге ARQA Білім беру саласын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі кеңесінің шешіміне сәйкес «Ветеринария», «Агрономия» мамандықтарына 5 жыл мерзімге толық аккредитация мәртебесі берілген.

ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудыңкезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады (ҚР Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес ).
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Волонтерлер жылы аясында еріктілермен «Birgemiz: Asyl mura» жобасын іске асыру мақсатында аудандық семинар-тренинг өткізілді.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Волонтерлер жылы аясында еріктілермен «Birgemiz: Asyl mura» жобасын іске асыру мақсатында аудандық семинар-тренинг өткізілді. Шараға ішкі саясат,білім,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлері мен жастар инспекторлары, ОКЖ қызметкерлері, мектеп кітапханашылары, өлкетанушылар мен оқушы жастар,волонтерлер тобы мүшелері қатысты.Бөлім басшысы Л.Утеулиева бұл жоба аясында аудан аумағында атқарылатын жұмыс мазмұны,мақсат-міндеттер,іс-шаралар туралы түсіндірді. Аудандық тарихи-өлкетану музейі директоры Е.Утембаев киелі жерлер және музей қоры туралы баяндаса, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Н.Жамалбеков археологиялық,тарихи, құрылыс-сәулет,монументальды ескерткіштердің жай-күйі,қорғалуы және жаңадан соғылатын ескерткішке қойылатын талаптар туралы айтты. Өлкетанушы,журналист Сейсен Қожеке туған жер тарихын танытуға маңызы зор мәліметтер айтып,құнды ұсыныс-пікірін білдірді. «ЖРО» КММ-і директоры орынбасары Б. Асқар Аудан әкімінің бастамасымен құрылған тарихи-танымдық экспедиясының 2020 жылы атқаратын жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Ақпарат пен дерек көп айтылды,ендігі міндет-ұйымшылдықпен нәтижелі жұмыс атқару…

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2020 жылдың 6 ақпаны күні сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде өтетін Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Е.Садырқұловтың 2019 жылдың қорытындылары бойынша халық алдында есеп беру кездесуінің уақытты сол күнгі сағат 15.30-ға ауыстырылғанын хабарлаймыз.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында алынған ауыл шаруашылық техникаларын салтанатты табыстау рәсіміне облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, пилоттық он бір округте құрылған кооперативтерге 194 бірлік техниканы табыстады

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында алынған ауыл шаруашылық техникаларын салтанатты табыстау рәсіміне облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, пилоттық он бір округте құрылған кооперативтерге 194 бірлік техниканы табыстады.Бұл шараға ауданнан аудан әкімі орынбасары Е.Қалыбаев, Құмарық ауылдық округі әкімі Б . Мансұр, «Құмарық Тау» кооперативінің атқарушы директоры Е.Сәрсебаев қатысты.
Шара барысында аймақ басшысы құттықтау сөз сөйлеп, алдағы уақытта пилоттық жоба облыс тұрғындарының табысын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз септігін тигізетінін атап өтті.
Аталған жобаның төртінші бағыты – ауыл шаруашылығы кооперативін қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету. Бұл бағытқа 1 070,9 миллион теңге қарастырылып, ол қаржыға кооперативтерге қажетті техникалардың 29 түрінен 194 дана техника алынған, 33 трактор, 11 комбаин, 3 камаз көлігі және тағы басқа 149 дана агросалаға қажетті техникалар бар.
Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылындағы «Құмарық-Тау» кооперативіне 17 дана техника табысталды. Бұл техникалар Беларусь, Украина, Түркия, Ресей, Польша және отандық зауыттардан шыққан.
Бұл ауыл шаруашылығы техникалары «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 5 пайызбен қосымша кепілсіз лизингке беріліп отыр.Ел алынған техникалардың игілігін көрер күн алыс емес

Волонтерлер жылы

Волонтерлер жылы аясында Тұрақты дамуды жүзеге асыратын 7 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылады. /«Birgemiz:Bilim», «Birgemiz Saylyq», «Birgemiz:Sabaqtastyq», «Birhgemiz: Taza Qazaqstan», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Umit»»/

«Білім» жобасы бойынша ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ге дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек ұйымдастырылады. «Сабақтастық» жобасы бойынша волонтерлер балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық жасайды. «Саулық» жобасы адамдарға медициналық көмек көрсетуге ықпал етуді, ал «Таза әлем» жобасы қоршаған ортаны қорғауды мақсат тұтады. «Асыл мұра» жобасы аясында волонтерлер мәдени-тарихи мұраның қорғалуы мен сақталуына атсалысады. «Қамқор» жобасы шеңберінде еріктілер қарттар үйлеріндегі адамдарға, жалғызілікті қариялар мен ардагерлерге қол ұшын созады. Ал «Үміт» жобасы арқылы волонтерлер хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздейді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы аясында отандастарымыздың ерлігін баяндайтын құжаттарды іздестірумен айналысады. 2020 жыл#еріктілер жылы#

Бүгінгі есепті жиын Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Каменка,Тасшолақ,Қазақ,Жалпақсаз ауылы тұрғындары алдында ауылдық округ әкімі Танкеев Оразалы Жайылғанұлы мен аудан әкімі Садырқұлов Ерболат Салқынбекұлының кезекті кездесуімен жалғасын тапты.

Бүгінгі есепті жиын Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Каменка,Тасшолақ,Қазақ,Жалпақсаз ауылы тұрғындары алдында ауылдық округ әкімі Танкеев Оразалы Жайылғанұлы мен аудан әкімі Садырқұлов Ерболат Салқынбекұлының кезекті кездесуімен жалғасын тапты. Өткен жылы округте атқарылған шаралар мен қол жеткен табыстар туралы айтылды,аудан көлеміндегі ауқымды істер таныстырылды. Ауылдық округ әкімі О.Танкеев 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы ауқымды есептік баяндама жасады. Одан әрі тұрғындар аудан әкімі Е.Садырқұловтың өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы даму болжамдары туралы баяндамасын тыңдады. Тұрғындар тарапынан ауыл шаруашылығы саласындағы субцидиялау, мал ұрлығы, газ кіргізу, спорттық шараларға қатысу, еріктілер жылы аясында асар жасау арқылы мұқтаж азаматтарға көмектесу, Тасшолақ ауылына футбол алаңын соғу, Қазақ ауылының ауыз су мәселесі, газдандыру мәселелері көтеріліп, оңтайлы шешімін табу үшін тиісті жауаптар берілді. Аудан әкімі Е.Садырқұлов көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берді.Ауыл тұрғындары ауыл және аудан әкімі есептеріне жақсы бағасын берді


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта