home
home home

Жастар жылының аясында және «Елдік елге байланысты» атты облыстық форумда қабылданған Үндеуді ілгерілету мақсатында «Жалынды жастармен-жарқын болашаққа» атты жастар форумы өткізілді.

Жастар жылының аясында және «Елдік елге байланысты» атты облыстық форумда қабылданған Үндеуді ілгерілету мақсатында «Жалынды жастармен-жарқын болашаққа» атты жастар форумы өткізілді.
Форумда аудан әкімі Е.С.Садырқұлов жастардың заман көшінен қалмай қалыпты тұрмыс сапасын жақсарту үшін алдағы жылы атқарар жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жастар ұйымына бес бағытта ауқымды жұмыстар атқаруды тапсырды.
Біріншіден, аудан аумағында жастар кәсіпкерлігін дамытып, шағын бизнестің өркендеуіне жол ашу. Екіншіден, жұмыссыз жастар санын азайтып, нәтижелі жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру; Үшіншіден, ауданда жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану арқылы бұқаралық спортты дамыту, талантты жас спортшыларды қолдау; Төртіншіден, салауатты өмір салтын насихаттап, туған ел мен жердің тарихын танытып, еліміздің көркейіп, өркендеуі, табиғат байлығы мен тазалығын сақтау үшін жастар туризмін, оның ішінде экотуризм мен ішкі туризм саласын жандандыруды қолға алу; Бесіншіден, жастардың ауыл, аудан өміріндегі қоғамдық шараларға, мәдени-көпшілік жұмыстарға қатысу белсенділігін арттыру;
Форум аясында осы мәселелер талқыланып, жастардың ұсыныс-тілектері ескеріле отырып, сала басшылары арасында тиісті құжаттар-Меморандум мен іс-шаралар қабылданды, алдағы жылы атқарылар жұмыстардың бағыты, мақсат-міндеті айқындалды.
Сонымен қатар облыс әкімі А.И.Мырзахметовтың бастамасымен облыс аумағында қолдау тауып, жүзеге асырылып жатқан «Елдік елге байланысты» Үндеуіндегі берілген ұсыныстардың да аудан аумағында орындалуының көш басында жастардың болуы туралы айтылып, әрбір жас қоғамдағы өзгерістер мен әрекеттерді өзінен бастап, нәтижеге қол жеткізуге болатыны ескертілді. Форум соңында аудан белсенді жастардың тұрғындар мен аудан жастарына Үндеуі қабылданып, бекітілді, БАҚ арқылы тарату ұсынылды.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта