home
home home

Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

 

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған

Жолдауын түсіндіру жұмыстары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын елді мекендерде түсіндіру мақсатында 25 адамнан тұратын 5 ақпараттық топ  құрылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық топ мүшелерінің шығу кестесі әзірленіп, ауыл аймақ тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Кестеге сәйкес, елді-мекендерде 170 кездесу, 30 жиын, 28 дөңгелек үстел, барлығы 228 шара өткізіліп, оған 21301 адам қатысты.

Елбасы Жолдауы бойынша БАҚ бетінде 59 мақала жарияланды. Көрнекі  үгіт құралдарында 10 билборд, округтар мен мектептерде 30 стенд орнатылды.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Елбасының көздегені – ел мүддесі

Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауы жарияланғаны баршаға мәлім. Бұл Жолдауында Президентіміз бәсекеге қабілетті ел болудағы бес  басымдылық жайын ашып айтты. Оның біріншісі – экономиканың жеделдетілген технологиялық
жаңғыртылуы. Бұл бағыт бойынша Елбасы цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету, сонымен қатар, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру,
экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ
кешендерінің стратегиялық Елбасының көздегені – ел мүддесі маңызын сақтауға бағыттау, аграрлық
секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру және «Made in Kazakhstan » брендін экологиялық таза
өнімдердің этолоны етуіміз керектігін, сондай-ақ жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды
дамытуымыз керектігін қадап айтты. Екінші басымдылық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және
кеңейту, үшіншісі – макроэкономикалық тұрақтылық, төртінші – адами капитал сапасын жақсарту, ал бесінші басымдылық – әрине, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен
күреске қатысты болып отыр. Тұңғыш Президентіміздің бұған дейінгі жүктеген міндеттері өз нәтижесін беріп келеді. Мәселен, бірінші жаңғыру – осыдан 26 жыл бұрынғы КСРО-ның құрамынан шығып өз жолымызды бастаған, Тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген сәттегі жаңғыру кезеңіміз болатын. Ал, екінші жаңғыру
– «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануы мен жаңа Елорда – Астананың салынуымен басталған еді.
Ондағы басты мақсат – 2030 жылға дейін дамыған елу елдің қатарына кіру болса, бүгінде еліміз ол жетістікке жетіп те үлгерді. Жаңа астанамыз жасанған әсем қалаға айналып, бүгінде ғаламды таңқалдырған ғаламат көрме ұсынып отыр. ЭКСПО-2017 көрмесі түндігін түргені де баршаға аян. Бүгінге дейінгі екі мәрте жаңғыру
белестері жоспардағыдан да жоғары нәтижесін көрсетіп жатыр. жаңа заманға сай Елбасының үшінші жаңғыруы да – өз жемісін беретініне сеніміміз кәміл.

Рүстем Қырықбае в,
аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бас
маманы.

 МАҚСАТ – АСА САПАЛЫ ӨНІМДЕР ШЫҒАРУ

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бес негізгі басымдылықты алға тартты. Оның екінші басымдылығы – «Бизнес ортаны түбегейлі жаңғырту және кеңейту» деп аталады. Осы стратегиялық мақсат жүзеге асатын болса, 2050 жылға қарай елдің ішкі жалпы өнімінің шағын және орта бизнестегі үлесі елу пайызға дейін өсуі тиіс. Иә, бұл өте жағары талап. Бірақ, оған қол жеткізуге болады екен. Елбасы өзінің Жолдауында: «Менің тапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті. Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлікке кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек»дейді.

Осындай өміршең болжамдар кәсіпкерлікті дамытуға жаппай қозғау салды. Әсіресе, отбасылық кәсіпкерлікке кеңінен жол ашылды. Мәселен, Абай, Құмарық, Көкдөнен ауылдық аймақтарында осындай отбасылық мал бордақылау алаңдары ашылып, кооперативтер құрылды. Сүт пен ет өндіру кластерінің негізі қалана бастады. Аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлік бөлімі несие алып, бизнеспен айналысам дегендерді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, оқытып, оларды ауылда бизнесті қалай ұйымдастыруға болатынына үйретуде. Елбасы айтқандай, несие алып, іске білек сыбанып кірісіп кеткендер де бар.

Біздің ауданымызда кәсіпкерлікті бұрыннан-ақ, дұрыс жолға қойып алған тәжірибелі бизнесмендер бар. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Халит Базарбайұлы Базаралиев өзгелерге үлгі болып жүрген білікті бизнесмен. Оның шаруашылығы жан-жақты дамыған шаруашылық. Осы шаруашылықтан үлгі алған белгілі кәсіпкер, «Құрмет» орденінің иегері, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Әліқұлұлы Дөненбаев та егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді индустриялық-инновациялық жолға қоюда. «Ақтоған» шаруа қожалығының басшысы Сайдхасан Ахаев та жаңаға жаны құмар ізденгіш кәсіпкер. Бәлкім сондықтан болар, ол тек астық өнімдерін ұқсату арқылы 24 түрлі дайын өнім шығаруда. Бұдан біз бизнес ортаның түбегейлі жақсарғанын көреміз.

Қазір ауданымызда 3748 орта және шағын бизнес нысаны бар. Ол 10072 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлер өткен 7 айда 2931,6 миллион теңгенінің өнімін өндіріп, аудандық бюджетке 486 миллион салық құйды. Өнеркәсіп саласында 870 адам жұмыс істейді. «Несиеге кепілдік беру» тетіктері арқылы қаржыландыруға жалпы сомасы 216,1 миллион теңгені құрайтын 7 жоба енген, соның 5 жобасы игеріліп, жеңілдетілген несие иелерін тапты. 2011 жылдан бері 41 бизнес-жоба іске асырылып, 5 миллиардтан астам инвестиция игерілді. Сөйтіп, шығарылатын өнім сапасы анағұрлым жақсарды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік нышандары біздің ауданымыздың өнеркәсіп кәсіпорындары саласында да көрініс берді деп айта аламын.

Нұржан ӘЛКЕРЕЕВ,

аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

 Іскер әйелдер бас қосты

 Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнетің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 млн. теңгеге дейін шағын несие ала алады. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет» -деген болатын. Президентіміздің осы тапсырмаларын іске асыру мақсатында жуырда аудандық мәдениет үйінде Іскер әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті.

Жиынға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер одағының төрайымы Айгүл Ақшалова мен Шымкент қаласынан келген Гүлжанат Битанова және Т.Рысқұлов аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағалиева қатысты. Олар аудандағы кәсіпкерлікпен айналысып жүрген іскер азаматшаларға өз кеңестерін айтып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретті.

С. РАХМЕТУЛЛАҚЫЗЫ.

ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІ АРТТЫРАДЫ

 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басында «Қазақстанның үшінші жаңғырылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында ел халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жолдауда Президент: «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде туған жеріне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар, елдің ертеңіне, болашағына сеніммен қарайтын болды. Осы Жолдау арқылы еліміздің әрбір азаматының жаңа жағдайдағы дамуы жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келеді» деп өткен тарихымызды ешқашан жадымыздан шығармау керектігіне тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Жолдауда нысанаға алып айтылған негізгі критерийлардың бірі – институционалдық өзгерістер, мемлекет қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық мәселесі. Одан өзге кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе отырып, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылтып, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу керек екенін баса айтты.

Осы тұста Ұлт көшбасшысы жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және тұтастай халықтың заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізуді жалғастыру керектігін айта келе, Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және азаматтық қоғамдастықтың өкілдерімен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді тапсырды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жыл сайынғы Жолдауларында әркез «Мәңгілік елдің бүгінгі және ертеңгі ұрпағының денсаулығы мықты болуы тиіс» деген пікірге ерекше тоқталады. Неге? Өйткені, іргесі берік, қуаты күшті мемлекетті денсаулығы мықты, білімді де білікті азаматтар ғана басқара алады.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздің мәртебесін көкке көтеруге бағытталған мазмұнды Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» көңілімізге қуат берді. Және бұл басты бағдарламалық құжат арқылы барша қазақстандықтар, Президентіміз жүргізіп отырған сарабдал саясаттың тұрақтылығына тағы бір мәрте көз жеткізіп отыр. Ең бастысы, Президенттің Жолдауы ертеңге деген сенімділікті арттырады.

Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тектен-текке айтпаған. Біздің Президентіміз әлемдегі дарабоз саясаткерлердің бірегейі. Сондықтан, жұрт болып жұмылып, Елбасымен бірге жаңа белестерді бағындырайық. Елбасы жүктеген межелі міндеттерді орындау барысында біздің аянып қалмасымыз анық. Өйткені, еліміздің экономикасының өркендеп өсуіне әрбір қазақстандық азамат үлес қосуы керек деп есептеймін.

М. АСАРОВ,

аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық

қадағалау басқармасының басшысы.

Үшінші жаңғыру – уақыт талабы

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – еліміздің ары қарайғы дамуының алғы шарттарын көрсететін және қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат екені даусыз.

Нарықтық экономика қағидаларына негізделген мемлекетіміз екі жаңғыруды өткеріп, дамудың даңғыл жолына түсті. Ендігі меже – үшінші жаңғыру. Жолдаудың тақырыбынан көрініп тұрғандай, бүгінгі күні қоғам да, мемлекет те, тіпті азаматтарымыздың ой-санасы да кезекті үшінші жаңғыруды бастан өткеретін кезеңге келді.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Әлемдік аренада биік белестерге көтерілді. Өзінің даму қарқынын озық елдің қатарына қосылуымен дәлелдеді. Президент талдап көрсеткен алдыңғы екі кезеңдегі жаңғыру арқылы елімізде бұған алғы шарттар жасалып, берік негіз қаланды. Сонымен бірге, бүгінде халықаралық ахуал да қарқынды түрде өзгеруде. Соған байланысты жаһанды жайлаған интеграциялық, экономикалық және геосаяси үдерістердің беделді әрі белді қатысушысы болып саналатын Қазақстанда басты әлемдік трендтерге сай дамудың өзіндік жолын қалыптастыруда. Оған Мемлекет басшысының қазақстандық басылымдарда жарияланған Жолдауының жаңа, серпінді әрі өте ұтымды үлгісі айқын дәлел.

Бұл жай ғана модернизация емес. Жолдауда технологиялық, сандық, индустриялық өркендеудің өзекті тұстары қамтылған. Елбасы сан-сала бойынша жақын болашақта мемлекеттің жүрер жолын айқындап берді. Мұнда белгіленген міндеттер Н.Назарбаевтың жаһандық қатерлерге берген жауабы іспетті. Онда бес негізгі бағытқа басымдық берілген. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, макро экономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Кешенді міндеттердің көшін сандық технологиялар бастап тұруы бекер емес. Заманауи технологияларды ел өмірінің басым салаларына енгізу арқылы экономикалық дамудың жаңа моделін жасау – бүгінгі күннің басты талабы.

Бүгінгі күні әр тиынның сұрауы күшті. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекет бүкіл Қазақстан бойынша жаңа бағдарламаларды қолға алуға миллиардттарды бөлетін болады. Біздің Елбасы инновациялық салада жаңа толық кешенді салалар пайда болатыны туралы айтты. Осындай күрделі тапсырманы алдымызға қойып отырғандықтан қаражат мейлінше тиімді игерілуі тиіс. Әр жобаның нақты мерзімі, бақылау индикаторы және нақты жауапкершілікті мойнына алған лауазымды тұлғаны көрсете отырып, толыққанды бизнес жоспары ретінде дамыту қажет. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы бастамасы дер кезінде жасалған қадам болды.

Үшінші жаңғыру экономиканың жедел технологиялық жаңаруына соны серпін, инновациялық салаға қуатты күш береді. Елбасымыз келешегі зор бастамалар мен іргелі жобалар негізінде экономиканың жаңа үдемелі салаларын құру жөнінде алдымызға стратегиялық міндеттер қойды. Бұл орталық және аймақтық деңгейдегі экономикалық тәсілдердің барлығын қайта қарауды қажет етеді. Бұл ретте 2017 жыл Қазақстан үшін аса маңызды жыл болады. Біздің еліміз аса маңызды шешім – саяси жүйені жаңғырту мен экономикалық қайта құруларды бір мезетте жүзеге асыруы керек. Ауыртпашылықтар аз емес, алайда нәтижесі жемісті болатыны сөзсіз деп сенемін.

Б.АҚҮРПЕКОВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы

«Өрнек» бастауыш партия ұйымының төрағасы,

Өрнек ауылдық округінің әкімі.

Ел келешегі -білімді ұрпақақ

 Дамушы мемлекеттер арасында дамыған отыздыққа енуді көздеген елдердің қатары саусақпен санарлық. Әйтсе де, біз алдыға мақсат қойып, сол межені бағындыруға талпынған мақсаты айқын, экономикасы мығым тұғырлы мемлекетпіз. Бабалар мұраты да осы болатын. Ендігі меже бабалар салған сүрлеу жолдан айнымай, алға бет түзеуіміз керек. Ол үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел әлеуетін арттыруға бағытталған әр реформасын барша қазақстандықтар жұмылған жұдырықтай жүзеге асырып, оған қолдау білдіруі қажет.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы әр жыл сайын түрлі тақырыппен өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларын жариялап келеді. Жолдауда ел дамуына серпін берер негізгі тетіктер қамтылады. Өз басым Президентіміздің әр жылғы Жолдауын қалт жібермей оқимын. Себебі, ондағы айтылған ұсыныстарды ұлт болып жүзеге асырсақ қана, ұлы бабаларымыз көксеген Мәңгілік елдің мұраты айқындала түспек.

Биылғы Жолдаудың тақырыбы да ерекше болды. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған кезекті Жолдауында Елбасы көптеген ойларды ортаға салды. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек» деді Президент. Расында да, дамыған елдердің білім жүйесін зерделейтін болсақ, көбісінде білім саласы бірінші орынға қойылған. Бізде де солай болуы тиіс. Елбасы айтқан ұсыныс соның алғашқы қадамы деп білемін. Бүгінде қазақ жастарының көзі ашық, көкірегі ояу. Ал, ұлтжандылық біздің қанымызда бар қасиет. Біздің мақсатымыз – Мәңгілік ел болу. Осы шыңға жету үшін біз, Елбасымен бірге болуымыз керек. Әрқашан тура жолмен жүрсек, болашағымыз бұдан да баянды боларына сенімім кәміл.

Бибігүл Орын,

«Парасат» колледжінің 3 курс студенті.

Жолдау мазмұнын түсіндірді

Наурыз мерекесі қарсаңында Елбасы Жолдауындағы әділет органдарына жүктелген нақты тапсырмаларды
кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық Әділет департаментінің басшысы Асхат Оразхан бастап, республикалық «Қазақстан заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының хатшысы Гүлнәр Күшекова қостаған топ мүшелері ауданымыздағы іргелі ұжым «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнында болып, жұмысшылармен кездесті. Айта кетейік, кездесуге аудан әкімінің  орынбасары Бейсенбек Әлпейісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков кәсіпорын басшысы Қайрат Терлікбаев, аудандық кәсіпкерлер
палатасының директоры Рысбек Қабылбеков, сондай-ақ, аудандық жер қатынастары бөлімінің, көші-қон
полициясының өкілдерімен қоса жеке сот орындаушылар, қорғаушылар қатысты. Кездесу барысында
облыстық Әділет департаментінің басшысы Асхат Оразханұлы Елбасы Жолдауында межеленген басым
бағыттардың барлығы ел игілігіне арналғанын жеткізсе, департамент басшысының орынбасары Шыңғыс
Айнақұлов Әділет органдарының тіркеуді жүзеге асыру саласындағы функциялары яғни, құқықтық
қызмет көрсетуді ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды ұйымдастырудағы мемлекеттік
саясатты қалыптастыру, заңды тұлғаларды тіркеу, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету секілді қызмет
бағыттары бойынша мазмұнды мағлұматтар беріп өтті. Кездесу соңында жұмысшылар тарапынан сұрақтар қойылып, топ мүшелері оларға нақты мысалдармен жауап беріп отырды.
М. Дихамбаев.

Бәсекеге қабілеттілік

 Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Елбасы Жолдауындағы үшінші жаңғыру 30 озық елдің қатарына ілгерілеуге бет бұруға үндейді. Осы мақсатқа жету үшін бес басымдылықты алға тартады. Бірінші басымдылық бойынша біз экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына қол жеткізуіміз қажет. Енді осы бағытты астарлап көрейікші.

Біз ветеринария саласында жүрсек те осынау жалпыхалықтық үдеріске қосыла аламыз. Өйткені, аграрлық секторды сауықтыру бізге жүктелген. Елбасы ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру жөнінде алдымызға жаңа міндет жүктеп отыр. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің болашағы зор. Өйткені, еліміздің әлемге ірі аграрлық экспорттық өнім өндіруші ретінде танылу мүмкіндігі бар. Біз шетелдерге егін және мал шаруашылығы өнімдерін қазірдің өзінде экспорттай бастадық. Ауданымыздың ірі қожалықтары Қытай, Индия, Сауд Аравиясы сияқты елдеріне ет өнімдерін шығара бастауы осы үдерістің бір көрінісі ғана.

Ал, енді сол ет өнімдерінің әлемдік стандарттарға сай болуы бізге яғни, ветеринар -мал дәрігерлердің сапалы жұмыс істеуіне тікелей байланысты екенін ұмытпайық. Иә, қазір ветеринарлық қызмет туралы Заң бар. Оның талаптарын орындау еліміздің әр азаматының айнымас борышы деп түсінген жөн. Демек біз өзімізге де өзге елдерге де экологиялық таза өнім ұсынуымыз қажет. «Қазақстанда жасалған» бренді сондай өнімдердің эталоны болуы тиіс деп ойлаймын.

Үкімет ветеринариялық станциялар мен пункттерді материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру жұмыстарын жедел қолға алды. Осының нәтижесінде «Құлан-малдәрігерлік» коммуналдық мекемесі мен 15 ветеринарлық пункт автокөліктермен, мал тасымалдайтын тіркемелермен, құрал-саймандармен жарақтандырылды. Үстіміздегі жылы Қарақыстақ және Құлан ауылдарында типтік-модульдық пункт салу қолға алынды. Салаға көңіл бөлудің нәтижесінде биыл тек эпизотологиялық іс-шараларды жүргізуге 100 миллион теңге қаражат бөлінді. Мал дәрігерлік алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында, мәселен, айырмаға (яшур) қарсы 29330 бас ірі қара мен 301 мың бас қой-ешкіге дәрі егілді.

Үкімет ауылшаруашылығын әртараптандыру міндетін алға қойып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40 пайызға көбейту туралы тапсырма беріп отыр. Демек, ауылда тұрып жатқан ағайындар мал өсіруді мықтап қолға алуы тиіс деп ойлаймын. Дәлірек айтқанда, оны бизнестің негізгі көзіне айналдыруы тиіс. Бұл Елбасы көрсетіп берген екінші басымдылықта айқын көрініс тапқан. Сондықтан, біз осы бастан бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Ендігі жерде агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік бағдарлама аясында дамитын болады.

Асқар ТОҚАБАЕВ,

аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы.

«Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. « Made in Kazakhstan» бренді

сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс».

(Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан).

Бағыт айқын – болашақ жарқын

 Қайыңды аймағына қарасты Сөгеті, Қайыңды, Мамай елді мекендерінің тұрғындары Елбасы Жолдауымен жан-жақты танысып шықты. Азық-түлік бағдарламасы туралы бұған дейінгі Жолдауларда нақтылы айтылған болатын. Енді ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, кооперативтерге біріктіру мәселесі күн тәртібіне бірінші болып қойылыпты. Әсіресе, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту туралы Үкіметке ауқымды тапсырма беріліп отыр. Бұл бізге, ауылдық әкімдерге де жауапты міндеттер жүктейді.

Ауыл – кәсіпкерлікті дамытудың қайнар көзі. Әр ауыл тұрғыны өзінің жеке шаруашылығын ашқысы келеді. Жолдауда қала мен ауыл тұрғындарына өз бизнесін ашу үшін 16 миллион теңгеге дейін шағын несие беру туралы айтылыпты. Осыны естіп, біліп алған жұрт білегін сыбанып іске кірісуге құлшынып отыр. Елдің көңілінің көтерілуіне ауылға «көгілдір отын» кіргізіле бастауы да үлкен сеп болды. «Байзақ газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш елді мекен халқымен мәмілеге келіп, газ кіргізу жұмыстарын жаппай қолға алды. Қазіргі таңда Қайыңды ауылы мен Мамай ауылының жүзден аса тұрғыны үйіне экологиялық таза отын кіргізіп те алды. Сондай-ақ, «Аль-Каржан и К» серіктестігі «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылға ауыз су кіргізуді қолға алды. Бұл фирма ауылдың отыз азаматын осы жұмыспен қамтып, әр үйге су құбырын тарту жұмыстарын қызу жүргізіп жатыр.

Біз кәсіпкерлерге кепілдік беретін қызмет көрсету тетіктерін белсенді түрде пайдалануды ойлап, бизнес жүргізе алатын, қаржылық сауаты бар азаматтарға қолдау білдірдік. Органикалық тыңайтқыш өндіретін инновациялық жобаны қолға алған «Қайыңды» шаруа қожалығының жетекшісі А.Сарбасовтың бастамасын қолдадық. Сөйтіп, ол жалпы құны 22 миллион теңге болатын қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Сондай-ақ, «Қамажай» шаруа қожалығы 2 миллион 500 мың теңге несие алып, оған 9 бие сатып алды. Жеке кәсіпкер Б.Сәрсенбаев бір жарым миллион несие алды. Халық «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары аясында да жұмыс жүргізе бастады. Ал, «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса ірілендіруді көздеп, өзінің қарамағына 42 шаруашылықты біріктірді. Міне, осылайша ауылда бизнес кеңінен өрістей бастады.

Халықтың кәсіпкерлікке бет бұруы кедейшілікті болдырмаудың бірден бір жолы екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан, Елбасы алға қойып отырған тапсырмаларды орындауға ден қойып, әсіресе, ауыл шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алдық. Өйткені ерте ме, кеш пе біздің ауыл тұрғындары да өз өнімдерін «Қазақстанда жасалған» деген этикетпен шығаратынына мен сенімдімін. Бүгінгі таңда 1867 ауладан 21582 бас қой-ешкі, 1267 ірі қара, 572 жылқы өреді. Елдің тұрмыс-жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Оның үстіне ауыл ажары да жақсарып, бір орта, екі бастауыш мектепке баратын шәкірттер елді мекенді санитарлық жағынан таза ұстауға байланысты айлық өткізіп, басқаларға бастама көрсетуде. Ауылымызда клуб, дәрігерлік емхана, мешіт, кітапхана бар. Жастар шын мәнінде игі шаралар ұйымдастырып, үлкендердің тілін алып, оларды жиі-жиі кездесулерге шақырып, ақыл-кеңестерін тыңдап отырады.

Ауылымызда 11 аз қамтылған отбасы бар. Қалталы азаматтарымыз оларға азық-түлік, мал беріп тұрады. Жалпы аймақ бойынша өткен жылы 2 миллион 800 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы шындығында да халықтың келешегін айқындап, оларға жарқын болашақтың кілтін ұстатып отыр. Біз ендігі жерде қандай да болса сын-қатерден сүрінбей өте аламыз. Өйткені, оған Елбасы Жолдауы бағдаршам бола алады.

Айбек Әбішев,

Қайыңды ауылдық округінің әкімі.

Бәсекеге қабілеттілік – басты қажеттілік

Елбасы биылғы Жолдауында «Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет» деген болатын. Өте дұрыс айтылған, бүгінде жәй ғана өмір сүру емес, заман талабына сәйкес болуымыз үшін қабілетті болуымыз шарт. Өзіміздің біліктілігімізбен қоғамның дамуына өз әсерімізді тигізуміз қажет.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданған болатын. Ол кезде стратегияның даму жолдары қол жетпестей көрінген еді. Жылдар өте келе бағытымыздан таймай біз мүлдем басқа, заманауи мемлекет
құрдық. Әлеуметтік салада зейнетақыны көбейтумен қатар, қазақстандықтардың нақты тұтынушылық
шығыстарына сәйкес келтіру үшін, ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру қаралуда. Білім саласында
бұрыңғы жылдары «Балапан», «Болашақ» бағдарламалары бойынша жұмыс жасалып, бүгінде жоғары нәтижелерге жетсе, биылғы Жолдауында Елбасы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттілігін айқындап отыр. Кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта изнестің
үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету, Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу
үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие алуға Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндеті жүктелді. Елбасы Жолдауы
әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаудың елдің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жаңа биіктерге бастайтындығын, ол үшін Жолдаудың әр жолымен жете танысып, жүзеге асыру үшін әрқайсымыз тиянақты еңбек етіп атсалысуымыз әрбір азаматтың, өз елінің патриотының міндеті деп білемін.

З.Оразалиева,
«Нұр Отан» партиясы
аудандық филиалы Саяси
кеңесінің мүшесі, аудандық
мәслихат депутаты.

Министрлік өкілімен кездесті

Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын
Республикалық ақпараттық топ – біздің ауданымызда
халыққа түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топ біздің облысымызда болды. Оны Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов бастап келді. Өткен бейсенбіде біздің ауданымызға осы топтың мүшесі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ішкі аудит департаментінің директоры Гүлнәр Смәділқызы Әлімбекова келіп, алғаш Әбжапар мен Жарлысу ауылында халықпен кездесті. Онымен бірге осы сапарында облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық басқарма басшысының орынбасары Ольга Георгиевна Капилевская бірге жүрді. Өрнек ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ақүрпеков жиналған жұрт алдында кіріспе сөз сөйлеп, одан соң Жолдауға байланысты түсініктеме беру үшін сөзді республикадан келген уәкілге берді.
– Біз осыған дейін екі жаңғыруды басымыздан кештік. Сөйтіп, әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің сапына қосылдық. Ендігі мақсат дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Ол үшін еліміз білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салада тағы бір серпіліс жасап, өнеркәсіптік революцияға қадам басуы тиіс екенін Елбасы баса айтты. Дәлірек айтқанда, сандық ақпараттық технологияға көшу, мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестікті қалыптастыру, адами капиталды байыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту күн тәртібінде тұр, – деді Гүлнәр Смәділқызы одан әрі қарай Жолдаудағы бес басымдықтың әр тармағына терең және ұғынықты түрде түсініктеме беріп.
Жолдаудағы кейбір халық түсіне бермейтін жаңа сөздер, терминдер бар екенін, ең негізгісі ауылда бизнесті қалай дамытып, несиені қалай алу керектігі, ол үшін мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қыруар қаражатты қалайша пайдаға асыруға болатыны жәйлі Гүлнәр Смәділқызы қазақтың жатық та қарапайым тілімен тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Баяндамашыға сұрақ қоюшылар да көп болды. Мәселен, Әбжапар ауылындағы орта мектептің мұғалімі Гүлзира Сапарбаева алдағы жылдан бастап күшіне енетін медициналық сақтандыру туралы сұрады. Уәкіл оның міндетті сақтандыру екенін, оны жұмыс істейтіндердің бәрі үшін міндетті шара екенін баса айта келіп, 15 санаттағы адамдардың топтарына мемлекет тарапынан жеңілдік берілетінін де тілге тиек етті.
Ал, Камилә Әбдімәлікова болса, биылғы жылдың соңғы айында зейнет демалысына шығады екен. «Сіз жаңа Заң талабы бойынша желтоқсан айынан кейін тағы да алты ай жұмыс істеп, содан соң зейнетке шығасыз. Ендігі зейнетке шығатындардың барлығы да осы тәртіппен зейнет демалысына шығатын болады. Ендігі бір ескеретін жәй, алдағы жылдан бастап зейнет демалысына шығып қойғандардың да еңбек өтілі қайта қаралады. Сөйтіп, базалық зейнетақы тағайындалып, зейнетақы әр адамның өтіліне қарай өсіп отыратын болады. Кітапханашы Гүлжанат Әмізеқұлова мен медбике Гүлнәр Өскенбаевалар мүгедектікке байланысты берілетін жеңілдіктер жайында сауал қойды. Оған да тиянақты жауап алды. Гүлнәр Смәділқызы бұдан соң Құлан ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымымен кездесті.
Мұнда да сұрақ қоюшылар көп болды. Баяндамашы «Бастау» бағдарламасы мен мемлекет тарапынан тегін оқытудың мәнісін түсіндірді. Ол сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздардың құқықтары мен жұмыс беруші тараптың міндеттеріне де тоқталып өтті. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамға жұмыспен қамту орталығы егер жұмыс табылып тұрса да бес күн мерзімде жауап қайтармай сергелдеңге салатын болса, онда ол лауазым иесіне айыппұл салынады. «Тағы бір айта кететін нәрсе» деді баяндамашы «Жұмыспен қамту мекемесінің қызметшілері мектеп бітірушілермен осы бастан кездесулер ұйымдастырғаны жөн. Оқуға түспей қалған бала далада қалып қалмасын десек, оларды одан әрі қарай белгілі бір кәсіпке оқытуды, сөйтіп олардың өмірден өз орнын табуына көмектесуді осы бастан қолға алуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасы Жолдауында баса айтылған». Колледждегі кездесуде оқу Министрлік өкілімен кездесті
ісінің меңгерушісі Ержан Әлібаев, аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Жамалбеков қатысып отырды. Кездесуде оқытушы Серік Күмісов, жас ұстаз Еркебұлан Ертаев сұрақ қойып, баяндамашыға жылы лебіз білдірді. Осы кездесуден кейін Гүлнәр Смәділқызы аудан әкімдігінде қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Қабылдауда аудан әкімінің орынбасары Б.Әлпейісов болып, кейбір сұрақтарға жауап беріп отырды. Құлан ауылының тұрғыны Қайрат Хадашвили туғаннан көзінің нашар көретінін, ауданда көз дәрігері жоқ екенін айтты. Өкіл Меркіден аптасына бір рет, сенбі күндері ғана келетін көз дәрігеріне тағы бір қабылдау күнін қосу туралы мәселені облыстық денсаулық басқармасының алдына қоюды өз мойнына алды. Қабылдауға келген Әділет Ақпанов пен «Жастар тәжірибесімен» алты айлық сынақ мерзімінде жүрген жоғары білімді ағылшын тілінің маманы Әлима Кәденоваға мамандығы бойынша жұмыс тауып беру ұсынылды.
Жолдауға байланысты кездесулер де, қоғамдық қабылдау да аудан тұрғындарына әжептәуір азық болды. Өйткені, оның мәні де, мағынасы да терең еді.
С.Қожеке

Кәсіп Ауылымыз ажарланып келеді

Өтпелі кезең қиыншылықтарынан мойымай өткен ауыл жұртшылығы бүгінгі таңда Тәуелсіз еліміздің гүлдене түсуіне белін бекем буып алған. Оның үстіне Елбасының соңғы Жолдауы жұртты жаңа істерге жігерлендіріп, кәсіпкерліктің көкжиегін ашып қана қоймай, елдің әлеуметтік әлеуетін көтеруге дем беріп отыр. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік-Үшінші жаңғырудың бүгінгі бағдаршамы. Бұл жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.
Міне, сондықтан болар көптеген ақпараттық топтар құрылып, кент пен теміржол бекетінде, мекемелерде халыққа жақын барып, Жолдауды тереңдете түсіндіруде. Біздің насихатшыларымыз осынау маңызды, өміршең құжаттың елге мәні мен мағынасын байыппен жеткізуде. Халық Жолдауды жақсы қабылдады, оны қуаттап, қолдады.
Біз өзі тоқсан жолдың торабында отырмыз. Елбасы: «…тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн» дейді. Ал, темір- жол – біздің еліміздің әлемдік рынокқа шығатын бірден бір күретамыры. Демек, бұл істен біздің жасыл жағалы жолшыларымыз да тыс қалмайды деп ойлаймын. Дегенмен, халықтың әлеуметтік жағдайы қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Егер ауылымызға «көгілдір отын» келіп, жаңа балабақша бой көтеріп, көшелер жөнделіп, жол салынып жатса, онда халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарғаны деп түсінген жөн.
Айту ләзім, өткен жылдарға қарағанда тұрғындардан түсетін арыз-шағым азайды. Әкімдікке 459 азамат өтінішпен қайырылды. Оның 348-і бала бақша кезегіне тұруға, 106- сы анықтама алуға, жетеуі ғана жер телімін рәсімдеуге, үй салуға өтініш берген. Осы өтініштердің 168-і толығымен қанағаттандырылды. Кәсіпкерлікті дамытуға өтініш бергендердің ұзын саны 16 адам. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екі бағыты бойынша Доқтыркүл Ақбердиева, Абай Мұздыбаев, Сәрсенбай Түйебаев, Жаңагүл Жантұраеваларға 1,8–3 миллион теңге көлемінде несие берілді. Ал, Досқали Жалғасбаев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 миллион 900000 теңге несие алып, оған 47 бас ірі қара мал сатып алды.
Ауылымызда екі мыңнан аса бала оқитын үш орта, бір бастауыш мектеп бар. Ал, «Алтын сақа» балабақшасында 280 бүлдіршін тәрбие алуда. Осының барлығы кезінде Елбасының ауылға, балаға деген қамқорлығының арқасында салынған болатын. Ауылды абаттандыру, көріктендіріп, көгеріштендіруге де айрықша көңіл бөліп отырамыз. Ол үшін өңірді дамыту бағдарламасы шеңберінде айтарлықтай жұмыстарды жүзеге асырдық. Мәселен, өткен көктемде 46 көше тазаласақ, биыл да соншама көше санитарлық тазалаудан өтеді. Көктемде біздің ауыл сазды болғандықтан лай-батпақ болып кетеді. Сондықтан ерте көктемде үш шақырымдай арықтарды тазалауды көздеп отырмыз. Биыл осы бағдарламаға сәйкес 9 миллион 479 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Осы қаражатқа М.Горький атындағы мектептің жанындағы саяжолды абаттандыру, ойын алаңын салу, Есімов көшесіне саяжол салу, «Құлан – Қорағаты» бағытындағы үлкен жолға арка орнату, Станционная көшесіне баратын жолды ағымдағы жөндеуден өткізу сияқты жұмыстар жүргізілетін болады.
Осындай көпшілік шараға көше комитеттері, ақсақалдар мен әжелеріміз де атсалысады. Ауылымыздың көркейіп, ажарлануы – бәріміздің ортақ борышымыз. Біз өйткені, алыс және жақын шетелдік қонақтар өтетін халықаралық маңызы бар теміржол бойында отырмыз. Сондықтан, ауыл келбетін өзгерту біздің төл міндетіміз деп білеміз.
Е.Әбутәліпов,
Луговой ауылдық
округінің әкімі.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта