home
home home

Жолдау жүктеген міндеттер аясында

 Жолдау жүктеген міндеттер аясында

 Ақпараттық топ ауылдарды аралауда

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын жергілікті жұртшылыққа түсіндіру бойынша ауданымызда ақпараттық-насихаттық мобильдік топ құрылған. Топ жұмысының мақсаты -Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағдарламалардың діттеген міндеті мен бағыттарын айшықтап, онда көзделіп отырған межелі жоспарлар тізімін қарапайым халыққа кеңінен насихаттау. Биылғы Жолдауда Ұлт көшбасшысы аграрлық саланы ілгері дамыту турасында келелі әңгіме қозғағаны баршамызға белгілі. Одан бөлек, әлеуметтік саламен бірге еліміздегі білім мәселесінің де жай-жапсарын назардан тыс қалдырмаған болатын.  Сейсенбі күні аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ, аудандық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жолға шыққан аудандық ақпарттық автокеруен тобы Луговой ауылының жұртшылығымен жүздесті. М.Горький атындағы шағын орталықты орта мектепте өткен кездесу жиынында ақпараттық топ мүшелері «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауында айтылған басым бағыттардың маңызы мен мазмұнын түсіндірді. Жиынды аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мерей Заурбеков ашып, жүргізіп отырды. «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы “Жас Отан” Жастар Қанатының бөлімше басшысы Ерболат Жәдік мектеп оқушыларына «Жалынды жастар – көш бастар» деген тақырыпта дәріс оқыды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының “Бояулар әлемі” үйірмесінің мұғалімі, топ мүшесі Серікбай Юсуповтың да ұлттық өнер жайындағы әсерлі әңгімесі оқушылардың жүрегіне жылу сыйлай білді. Сондай-ақ, аудандық Жастар ресурстық орталығының аға-психологы Сымбат Тастанбектің де жүргізген семинар тренингіне оқушылар белсене араласып отырды.

 Марат ДИХАНБАЙ.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта