home
home home

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі туралы ЕРЕЖЕ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты
құттықтау рәсімі туралы
ЕРЕЖЕ

«АТАМЕКЕН» кіші бағдарламасы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі (бұдан әрі – Салтанатты құттықтау рәсімі), ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету, жеңімпаздарды айқындау мен марапаттау шарты мен тәртібін белгілейді.
2. Салтанатты құттықтау рәсімінің мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болып табылады.

2. НЕГІЗГІ ТҮСІНІК
1. Қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және мейірбандық, демеушілік және меценаттық қызмет түріндегі өз еркімен, өтеусіз немесе жеңілдік түрінде жүзеге асырылатын ізгілік қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген әлеуметтік-пайдалы қызмет.
2. Қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асырушы мейірбан және (немесе) демеуші, және (немесе) меценат.
3. Әлеуметтік жоба – іс-шаралар, іс-қимылдар мен акциялардың жүйелілігі, олардың мақсаты әлеуметтік мәселелердің алдын алу, оларды азайту немесе шешу болып табылады.
4. Ұйымдастыру комитеті – үміткерлердің өтінімдерін қарайтын адамдар тобы. Ұйымдастыру комитетінің аудандық/қалалық/облыстық деңгейдегі жұмысын «Атамекен» кіші бағдарламасының өңірлік жобалық кеңсесімен (бұдан әрі – ӨЖО) бірлесе отырып, жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады.
5. Сарапшы кеңес – номинациялар бойынша «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын анықтайтын мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, қоғамдық ұйымдар мен басқа да әлеуметтік саланың өкілдерінен құралған сарапшы топ.
6. «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаты – «Жомарт жүрек» сыйлығы берілген азамат (жеке тұлға) немесе ұйым (заңды тұлға).
7. Номинант – «Жомарт жүрек» сыйлығын беру үшін Ұйымдастыру комитеті ұсынған адам.

3. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
1. туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту
2. әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірбиесін тарату;
3. ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың оң тәжірибесін жергілікті және республикалық деңгейлерде іске асыру үшін жинақтау және тарату;
4. қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру;
5. білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

4. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІН ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
​ ​1.​Салтанатты құттықтау рәсімі үш кезеңнен (аудандық (қалалық)/облыстық және республикалық деңгейлерде) тұрады және жыл бойы өтеді.
2. Аудандық (қалалық) деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі жыл сайын 1 шілдеден бастап 15 тамыз аралығында өткізіледі. Облыстық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі жыл сайын 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығында өткізіледі. Республикалық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі 1 қарашадан бастап 15 желтоқсан аралығында өткізіледі.
​3. Аудандық (қалалық)/облыстық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімін жергілікті атқарушы орган немесе тиісті деңгейдегі әкім белгілеген ұйым жүргізеді.
4. «Жомарт жүрек» салтанатты құттықтау рәсімін аудандық (қалалық)/облыстық деңгейде өткізу туралы хабарландыруды жергілікті атқарушы органдар өңір аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына орналастырады.
5. Аудандық (қалалық)/облыстық деңгейдегі қатысушылардың өтінімдері қажетті құжаттар топтамасымен бірге қағаз және электронды түрде осы Ережеге қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жолданады.
6. Алғашқы өтінімдерді қарауды (қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес, ұсынылатын құжаттардың толық болуы) және іріктеуді «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылған жобалары негізінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
7. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын іріктеу үшін Ұйымдастыру комитеті номинанттар бойынша ұсынымдарды Сарапшы кеңесіне жолдайды.
8. Сарапшы кеңесінің мүшелері, номинанттардың өтінімдерін қарап, әрбір өлшемшартқа бес балдық шкала бойынша баға қояды. Үміткер қорытынды бағасын алу үшін Сарапшы кеңесінің барлық мүшелері қойған үміткердің жалпы бағасы жинақталады. Балдар тепе-тең болған жағдайда шешім Сарапшы кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
9. Сарапшы кеңесі мүшелерінің саны тақ сан болуы тиіс. Сарапшы кеңесінің отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болып табылады.
10. Аудандық және қалалық байқаулардың лауреаттары облыстық байқаудың номинанттары болып табылады.
11. Облыстық байқаудың лауреаттары республикалық байқаудың номинанттары болып табылады.
12. Республикалық деңгейдегі іркітеу онлайн-дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша сыйлықтың 5 номинациясының рейтингі қалыптастырылады.
13. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша онлайн-дауыс дауыс беру кезінде ең көп дауыс жинаған «Жомарт жүрек» сыйлығының кемінде 50 лауреаты айқындалады.
14. Сыйлықтың лауреаттарын республикалық деңгейде салтанатты құттықтау рәсімін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Атамекен» кіші бағдарламасы басқармасының кеңсесімен және Министрлік белгілеген ұйыммен бірлесіп өткізеді.

5. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Байқау қатысушысы аудан, қала, облыс аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген және төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды жеке тұлғалар бола алады:
1) өңір аумағында қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру;
2) қызметтің әлеуметтік бағыты;
3) сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;
4) қажетті құжаттардың болуы.
Байқауға қатысу үшін осы Ережеге қосымшаға сәйкес қажетті құжаттар топтамасы мен өтінімдерді ұсыну негіз болып табылады.
Қатысуға өтінімді қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген заңды жеке тұлғалар, және сонымен қатар олармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсына алады.
Жеке және заңды тұлғалардың: төмендегі қызметтері қарастырылмайды:
1) коммерциялық табыс табуға;
2) ғибадат ғимраттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
3) мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көретуге бағытталған қызметтері қаралмайды.

6. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

№ Номинация атауы

Сипаттама

1«Жыл меценаты»
Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін
2«Туған өлке»
Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін
3«Жыл тұлғасы»

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғалар үшін)
4
«Жылдың үздік ұйымы»
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін
(тек заңды тұлғалар үшін)
5
«Ерен еріктілік»
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін

7. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ

Жеке тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);
3) Өмірбаяны;
4) Жеке куәліктің көшірмесі;
5) Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
6) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

Заңды тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
3) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
4) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

«Жомарт жүрек» сыйлығының
лауреаттарын салтанатты
құттықтау рәсімі туралы Ережеге
қосымша

«Жомарт Жүрек» сыйлығын тағайындауға өтінім

1.
Номинация

2.
Т.А.Ә (Заңды тұлғаның атауы)

3.
Жұмыс орны, лауазымы*

4.
Туған күні мен жері*

5.
Білімі*

6.
Байқаудың іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі бойынша сипаттама

7.
Қатысушының дербес деректерін пысықтауға келісім

8.
Үміткерді ұсынды (кім ұсынғандығын, талқылау уақытын, хаттама нөмерін көрсету)

(қолы)

(Т.А.Ә.)


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта