home
home home

Переход казахского алфавита на латиницу

Назарбаевқа латын әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ФОТО: АҚОРДА

Жиында мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

Қазақстан президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

«Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Реклама 09

Осы ретте, елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екеніне тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтты.

Тағы оқыңыздар: Елеусіновпен бәсекелесуден бас тартқан жас боксшы кәсіби боксқа ауысып кетті

«Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады», – деді мемлекет басшысы.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ФОТО: АҚОРДА

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орта мен жұртшылықтың белсенді түрде атсалысқанына назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан президентіне атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов баяндады.

Елбасы жиынға қатысушылардың есебі мен пікірлерін тыңдап, айрықша мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

«Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет», – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды.

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіWhatsapp арқылы бөлісу

ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ФОТО: АҚОРДА

Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Смартфонда күні бойы ойын ойнаған бойжеткеннің көзі көрмей қалды

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін реформалауға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысқан барша қазақстандықтарға, ғалымдар мен тілтанушыларға алғыс айтты.

https://www.nur.kz/kk/1641927-prezidentke-zhanha-latyn-alipbii-korse.html

 

 

Игілікке бастар нақты қадам

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ең басты міндеттердің бірі – ол қазақ тіліндегі әліпбидің графикасын латын әліпбиіне көшіру екендігін атап өткен еді. Сол уақыттан бері біршама ұсыныстар мен шешімдер жасалынып, латын графикасындағы қазақ әріптерінің бірнеше нұсқалары ұсынылды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп  латын әліпбиіне  көшіру жұмыстарын бастуымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген болатын.

Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында келешекте ұлттың табысты болуы оның табиғи байлықтарымен емес, адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалуына аса мән берілді. Әрине еліміздің азаматтары бәсекеге қабілетті болу үшін қазіргі заманғы озық технологияларды бағындырумен қатар инновация әлеміне жаңалықтарды енгізе білуі керек екені сөзсіз. Бұл заман талабы. Осы орайда қазақ жұртына игілікке бастар нақыт қадамның бірі – ол латын графикасындағы қазақ тілі болды.

Күні кеше ғана Елбасының назарына Латын әліпбиіне көшу жұмыстарын іске асыру бойынша жұмысшы тобының аталған әліпбиге болашақ қазақ әріптерінің жаңа нұсқалары ұсынылды. Бұл жаңалықтың ендігі-әрі серпіні жеңілдеген іспетті. Президентіміз жұмысшы топқа қолданыста жүргізіліп отырған жұмыстың барысын қолдайтындығын және бұл жұмысқа өте жауапкершілікпен қарау керектігін ескерткені мәлім.

«Елу жылда – ел жаңа» демекші, жаңа заман, жаңа талап, жаңа бағыт. Осы орайда Елбасының назарына ұсынылған жаңа әліпбидің формасы бұрынғы нұсқасына қарағанда әлде қайда жеңіл, әрі барлық қазақстандықтар үшін түсінікті әзірленген. Сондай-ақ осы атқарылып отрыған жұмыстар халық арасынан қолдау тауып, болашақ елмізідің санасының жаңғырарына кәміл сенемін.

 

Қ.Бижанов,

Т.Рысқұлов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау

Еліміздің латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз деп мынадай пункттерді атап көрсеткен болатын: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

Гүлмираш Қырықбаева,

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері

 

 

Переход на латиницу- один рубеж нашей Великой истории

 

Наш Казахстан – независимое государство, инициативы и достижения которого признаются во всем мире. Так и новый глобальный проект- реформа по переходу с казахского алфавита на латиницу был одобрительно принят общественностью в целом.

Президент страны Н.Ә. Назарбаев поручил осуществить этот переход до 2025 года, преследуя важную цель-возродить и сохранить культурное наследие казахского народа.

Мы считаем, что  это очень значимый шаг,  так как имеет связь с еще одним перспективным проектом «Рухани  жаңғыру» . Вожно то, что идея перехода на латиницу возникла еще в эпоху приобретения независимости и на данном этапе развития  общества имеет большое историческое эначение, позволяет приобрести мировой опыт в развитии государственности,национальной  политики,  и не затронет этнические вопросы. Русский  язык и кириллица будут использоваться  в полной мере как и прежде. Действительно, перспектива состоит в том ,что Казахстан продолжит уверенными шагами входить в мировое информационное и образовательное пространство. И в этом большая заслуга  нашего президента Н.А. Назарбаева,который вместе с казахстанцами  уверенно переходит еще один рубеж нашей  Великой истории .

 

Г.Суюндукова,

Методист отдела образования

акимата района Т.Рыскулова


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта